«Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына пресс-релиз

«Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына пресс-релиз

«Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына пресс-релиз Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша (бұдан әрі – жоба) төмендегіні хабарлайды. Әзірлеуші - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 20-51-11.13 (19-4682)-3 тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды ұсынуды қолданыстағы мемлекеттік сатып алу жүйесінен Әлеуметтік қызметтер порталына (бұдан әрі – Портал) ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылғы қазан айынан бастап жыл соңына дейін еліміздің барлық қалалары мен аудандарында әлеуметтік топтамаларды Портал арқылы ұсыну бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 3,5 мыңнан астам отбасы 16,8 мың әлеуметтік топтама алды. Осы практиканы бекіту мақсатында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң жобасы) тиісті өзгерістер енгізілуде. Қазіргі таңда бұл Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу сатысында тұр. Заң жобасын қабылдаудың болжамды мерзімі – 2021 жылдың бірінші тоқсаны. Заң жобасы қабылданғанға дейін балаларға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды уақтылы ұсыну үшін оларды 2021 жылғы қаңтардан бастап пилоттық режимде Портал арқылы іске асыруды қамтамасыз етуге болады деп пайымдаймыз. Осыған байланысты, өнім берушілерді Порталда тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдар олармен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуы үшін Үкімет қаулысымен өнім берушілердің тізбесін бекіте отырып, қолданыстағы тетікті сақтау талап етіледі. Бұл шара 2021 жылғы 1 тоқсанда азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дата публикации
21 декабря 2020