«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының                                       1-тармақшасына және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкестендіру болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА  бөлімінде орналастырылды.

 

Дата публикации
16 ноября 2020