«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.

Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдану арқылы айқындалады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне ЛА (тарифтік мөлшерлеме) ЛА белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;

2021 жылғы 1қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде;

Мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персонал жұмыскерлеріне ЛА (тарифтік мөлшерлеме) ЛА белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде;»;

көрсетілген Қаулыға 6-қосымшада:

реттік номері 1- жолда 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«

4)

Әкімшілік, қосалқы персонал жұмыскерлеріне, жұмысшыларға:

стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерінде,

үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында жұмыс жасағаны үшін

 

ЛА-дан 40%

 

 

 

  1. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

 

Дата публикации
14 декабря 2020