«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

2019 жылы сәйкес мемелекеттік органдар білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтардың және ШЖҚ МК-да жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің беделін жоғарылату, оның ішінде оларға лайықты еңбек ақы мәселесін қарастырды.

Аталған жұмыстар нәтижесінде бұл қызметкерлердің жалақысы көтерілді:

         - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасын («Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» мемлекет Басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы) орындау мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтардың жалақысы кезең-кезеңімен 25%-ға көтерілді және ол төрт жылдың ішінде 2 есе өсетін болады;

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың   2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ШЖҚ МК-да жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп, дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, орта медициналық қызметкерлерге орта есеппен 20%-ға арттырылды және ол төрт жылдың ішінде 2 есе өсетін болады.

Аталған жаңашылдықтар халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің дәрігерлерін, педагогтарын қамтымады, тиісінше бірдей біліктілігі бола тұра педагогтардың, медициналық қызметкерлердің жалақысы төмен болды.

Мысалы,

- әлеуметтік қорғау ұйымдарында бірдей шартты жағдайда жұмыс істейтін мұғалімнің лауазымдық айлықақысы 82 468,0 теңгені құрайды, ал білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін мұғалімнің лауазымдық айлықақысы 103 085,0 теңгені құрайды, яғни әлеуметік қорғау саласы мұғалімі 20 617 теңгеге аз алады;

-  әлеуметтік қорғау ұйымдарында бірдей шартты жағдайда жұмыс істейтін дәрігердің лауазымдық айлықақысы 87 777,1 теңгені құрайды, ал денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін дәрігердің лауазымдық айлықақысы 109 721,0 құрайды, яғни әлеуметік қорғау саласы дәрігері 21 944,3 теңгеге аз алады.

Осылайша, әлеуметтік салалар (денсалық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау) арасындағы жалақы айырмашылығы білікті кадрлардың әлеуметтік қорғау жүйесінен білім беру және денсаулық сақтау жүйелеріне ауысуына алып келуде.

Әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттырмаған жағдайда білім беру және денсаулық сақтау салалары қызметкерлері арасындағы жалақыдағы айырмашылық жыл сайын ұлғаятын болады, себебі соңғыларының жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын артады.

Осыған байланысты халықтың осал тобына халықаралық стандарттар деңгейінде сапалы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сапалы кадрларды қалыптастыру және олардың еңбегіне лайықты ақы төлеу, әлеуметтік қызметтер қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру мәселелерін қарастыру қажет.

Осы мақсатта стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерінде үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік ұйымдарының басқару және негізгі персонал қызметкерлерінің (педагогикалық, медициналық қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер) жалақысын білім беру ұйымдарының педагогтері және денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлері жалақыларының арттырылуы сияқты кезең-кезеңімен арттыру (бұл жағдайда жалақы орташа есеппен 45%-ға дейін артады, яғни әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін білім беру және денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің жалақы деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді), сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы қалған қызметкерлер (әкімшілік, қосалқы персоналдар және жұмысшылар) арасында резонанс тудырмау үшін олардың жалақысын қолданыстағы базалық лауазымдық айлықақыдан 30% мөлшеріндегі қосымша ақының мөлшерін лауазымдық айлықақыдан 40 %-ға өзгерту жолы арқылы арттыру (бұл жағдайда әкімшілік, қосалқы персонал қызметкерлерінің және жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 15 %-ға дейін артады) мәселелерін қарастыру ұсынылады.

         Осы мақсаттарға алдағы 3 жылға  қосымша қажеттілік  95,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

- 2021 жылға – 21011,9 млн теңге;

- 2022 жылға – 30526,6 млн теңге;

- 2023 жылға – 43 737,0 млн теңге.

Оның ішінде:

-түзету коэффициентіне барлығы 82,1 млрд. теңге: 2021 ж. – 17,1 млрд. теңге, 2022 ж. – 26,5 млрд. теңге, 2023 ж. – 38,6 млрд. теңге;

- қосымша ақыны ауыстыруға барлығы 13,2 млрд. теңге: 2021 ж. – 3,9 млрд. теңге, 2022 ж. – 4,1 млрд. теңге, 2023 ж. – 5,2 млрд. теңге.

Анықтама ретінде. Қосымша қажеттілік барлық қолданыстағы/жоспардағы тиісті қосымша ақылар мен үстемеақылар, сондай-ақ сауықтыруға арналған жәрдемақылар есебімен есептелді.

Бұл ретте 027 «Азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қамтамасыз ету» бағдарламасынан қаражатты қайта бөлуге (2020 жылдың қорытындысы бойынша контингенттің күтілетін төмендеуі есебінен) байланысты мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлінуі талап етілмейді.

Осы мәселені іске асыру әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін білім беру және денсаулық сақтау салаларына жақындатуға мүмкіндік беріп, кадрларды сақтауға және халықтың осал топтарына сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін болады.

Дата публикации
14 декабря 2020