Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 346-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагері және оған теңестірілген адам, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;»;
2) 490-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлетiн адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар,
сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы
аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;»;
3) 526-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер
– меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде;»;
4) 553-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы
22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс
істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар,
мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың
ата-анасының бірі;»;
5) 616-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) талапкерлер – Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар,
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі
– барлық iстер мен құжаттар бойынша;»;
6) 617-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы
22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі – барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;»;
7) 618-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы
22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар – туу туралы куәлiктердің тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;»;
8) 620-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы
22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс
істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР
Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың
ата-анасының бірі, сондай-ақ Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.»;
9) 622-бапта:
4) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы
22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;»;
5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР
Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар,
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар,
мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың
ата-анасының бірі;».
1) 68-бапта:
1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;»;
2) 118-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және белгiленген тәртiппен соларға теңестiрiлген адамдардың отбасыларына;»;
3) 120-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдарды;».
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
2) 4-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар, мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
6 және 8-баптарында айқындалған басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;»;
1-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабында айқындалған басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектер, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектер;»;
3) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;»;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) Тәжік-Ауған аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
4-2) 1968 жылғы Чехословакиядағы қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарына – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
4-3) Ирактағы халықаралық бітімгерлік операциясына бітімгер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
4-4) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;»;
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан Социалистік Еңбек Ерлеріне – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
10) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;»;
12), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға
– 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
13) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
14) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектерге
– 0,64 айлық есептік көрсеткіш;»;
4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Өзінің қызметтік және функционалдық міндеттеріне байланысты жәрдемақыны тағайындау, төлеу және беру үшін жауап беретін лауазымды адамдар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы заңнаманы
бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады».
27-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аталған басымдықты Ұлы Отан соғысының ардагерлері және соларға теңестiрiлген адамдар, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері пайдаланады.».
26-бапта:
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасыз қалған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты
құқығы бар.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар үшін;».
33-баптың 2) тармақшасының 586 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагері және оған теңестірілген адам, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті