БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 45-бабының 6-тармағының
5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы _________ № _________ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы _________ № _________ бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік кірістер органдарының ЕХӘҚМ-ға ұсынатын Мәліметтерінің тізбесі осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітіледі.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
3-тарау. Қорытынды ережелер
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші
(салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын
мәліметтер тізбесі
|
№ р/с |
Салықтық құпияны құрайтын мәліметтер атауы |
|
1. |
Бюджетпен есеп айырысулар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша (СТ шінің дербес шотынан көшірме үзінді) жағдайы |
|
2. |
Салық агенті аударған ЖТС сомасы және кезеңдер бойынша жұмыскерлер саны (жартыжылдық, жыл) |
|
3. |
ДК және жеке практикамен айналысатын адамдардың салық кезең ішіндегі жылдық жиынтық кірісі/(түзетулерді ескере отырып) кірістер сомасы |
|
4. |
Салық агенті ЖТ кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген табыстардың сомасы |
|
5. |
Кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша жеке тұлғаға салық агенті есептеген ЖТС сомасы |
|
6. |
Салық агенті ЖК кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген міндетті зейнетақы жарнасының сомасы |
|
7. |
Салық агенті ЖТ кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген әлеуметтік аударымдар сомасы |
|
8. |
Салық агенті ЖТ кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар сомасы |
|
9. |
ДК, ЗТ (ЖСН/БСН), ДК атауы, кәсіпкерліктің түрі (дара, бірлескен, ЗТ белгісі, тіркеу есебінің типі: тіркеу есебінің коды, типі және атауы (анықтамалық 1), ДК/ЗТ бастапқы тіркеу күні, орналасқан жерінің мекенжайы, ДК/ЗТ тіркеуден алу күні, есептен шығару себебінің коды (анықтамалық 2), қазақ және орыс тілдерінде есептен шығару себебі, (анықтамалық 2), МКО КНО коды, МКО БСН, қазақ және орыс тілдерінде МКО атауы). |
|
10. |
ДК басшысы туралы мәліметтер (қазақ және орыс тілдерінде басшының ТАӘ, басшының туған күні). |
|
11. |
Кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша жеке тұлға үшін салық агенті есептеген әлеуметтік салық сомасы |
|
12. |
Кезеңдер (ай) бойынша алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, медициналық сақтандыруға міндетті әлеуметтік аударымдар, ЖТС, ДК әлеуметтік салығы, арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға АСР қолданатын сомалар туралы мәліметтер |
|
13. |
Бірлескен кәсіпкерлік туралы мәліметтер (ЖСН, қазақ және орыс тілдерінде басшының ТАӘ, бірлескен кәсіпкерлік мүшесінің туған күні) |
|
14. |
Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру, ұзарту және қайта бастау туралы (тоқтата тұрудың басталу және аяқталу күні, қайта басталу күні, тоқтата тұруды ұзартудың басталу және аяқталу күні) мәліметтер |
|
15. |
ЭҚНЖ туралы (негізгі ЭҚНЖ коды, негізгі ЭҚНЖ есепке алу және есептен шығару күні, қазақ және орыс тілдерінде негізгі ЭҚНЖ атауы) мәліметтер |
|
16. |
Экономикалық қызметтің қайталама түрі туралы (қайталама ЭҚЖЖ коды, қайталама ЭҚНЖ есепке алу және есептен шығару күні, қазақ және орыс тілдерінде қайталама ЭҚНЖ атауы) мәліметтер |
|
17. |
ДК/ЗТ тіркеу деректері туралы мәліметтер (ЖСН/БСН, атауы, кәсіпкерлік түрі (жеке, бірлескен), ЗТ белгісі, тіркеу есебінің типі: тіркеу есебінің коды, типі және атауы (анықтамалық 1), бастапқы тіркеу күні, орналасқан жерінің мекенжайы, тіркеуден шығару күні, есептен шығару себебінің коды (анықтамалық 2), қазақ және орыс тілдерінде есептен шығару себебі (анықтамалық 2), мемлекеттік кірістер органының коды (бұдан әрі - МКО), МКО БСН, қазақ және орыс тілдеріндегі МКО атауы) |
|
18. |
ДК басшысы туралы мәліметтер (қазақ және орыс тілдерінде ТАӘ, басшының туған күні) |
|
19. |
Әрекетсіз ДК, ЗТ туралы мәліметтер (ӘСТТ-ға енгізу және СТТН-дан шығару күні) |
|
20. |
ДК/ ЗТ және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның АСР туралы мәліметтер (АСР коды, қазақ және орыс тілдерінде АСР атауы, АСР қолданысының басталу күні, АСР қолданысының аяқталу күні) |
|
21. |
БКМ туралы мәліметтер (БКМ моделі, БКМ тіркеу карточкасының нөмірі, БКМ тіркеу карточкасының берілген күні, БКМ зауыттық нөмірі, пайдалану орны) |
Ескерту: аббревиатуралардың транскрипциясы:
АСР – арнайы салық режимі;
ӘСТТ – әрекетсіз салық төлеушілердің тізілімі;
БКМ – бақылау-кассалық машина;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ДК – дара кәсіпкер;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖТ – жеке тұлға;
ЖТС – жеке табыс салығы;
ЗТ – заңды тұлға;
МКО – мемлекеттік кірістер органы;
СА – салық төлеуші;
СТТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
ЭҚНЖ – Экономикалық қызметтің негізгі жіктеуіші.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2026 жылғы ______ № ____
және
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2026 жылғы ______ № ____
бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қаржы министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылған тізбесі