Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтің 49 түрі көрсетіледі, оның ішінде 45-і электрондық форматта («электрондық үкімет» порталы, «Электрондық еңбек биржасы» платформасы, «eGov mobile» және ЕДБ мобильдік қосымшалары, проактивті формат арқылы), ал 4 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі.
Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 28-і немесе 57,1%-ы проактивті форматта көрсетіледі.
2025 жылы «электрондық үкімет» порталында 2 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды:
Сонымен қатар, eGov-mobile мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде «Қорғаншылық белгіленгені туралы мәліметтер» цифрлық құжаты іске асырылды.
2025 жылғы қазан айынан бастап Министрлік «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан әлеуметтік төлемдерді ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде тағайындау, тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату бойынша пилоттық жобаны іске асырды.
Бұрын «МӘСҚ» АҚ-нан әлеуметтік төлемдер бойынша өтінімдерді қарау процесіне 8 адам қатысып, бұл 3-тен 5 жұмыс күніне дейін уақыт алса, қазіргі таңда аталған жұмысты ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде орындайды.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша барлығы 2,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1,9 млн немесе жалпы санның 73,6%-ы электрондық түрде (оның ішінде 0,8 млн проактивті түрде), ал 0,7 млн немесе 26,4%-ы қағаз түрінде көрсетілді.