Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы

А

Заң жобасы қабылданғанға дейін балаларға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды уақтылы ұсыну үшін оларды 2021 жылғы қаңтардан бастап пилоттық режимде Портал арқылы іске асыруды қамтамасыз етуге болады деп пайымдаймыз.

Осыған байланысты, өнім берушілерді Порталда тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдар олармен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуы үшін Үкімет қаулысымен өнім берушілердің тізбесін бекіте отырып, қолданыстағы тетікті сақтау талап етіледі.

Бұл шара 2021 жылғы 1 тоқсанда азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар айқындалсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Дата публикации
07 декабря 2020