«Aleumet» мобильді қосымшасы
2023 жылғы 30 тамызда мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталымен толық үндестіре отырып, тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру үшін «Aleumet» қосымшасы іске қосылды. Бірінші кезеңде қосымшада техникалық оңалту және санаторий-курорттық емдеу құралдарына тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін санаторий-курорттық емдеу, ым-ишара тілі маманының қызметтері, жеке көмекшінің қызметтері және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тапсырысы бойынша толық көлемде енгізуді аяқтау жоспарлануда.
19 қыркүйекте мобильді қосымша Play Market және AppStore алаңдарында жарияланды. Қазіргі уақытта мобильді қосымшаны жүктеу саны 4 572 құрайды (оның ішінде 2 944 Android, 1 628 IOS). Сондай-ақ, мобильді қосымша арқылы 3 273 техникалық оңалту құралдары берілді және санаторий-курорттық емделуге 60 қызмет көрсетілді.
Инватакси
Инватакси пилоттық жобасы ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Астана қаласында және ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласында іске қосылды. Ағымдағы жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша Астана қаласы бойынша пилотқа 220 МБТ қатысады және 15 760 қызмет (тапсырыс), Алматы қаласы бойынша 409 МБТ қатысады және 27 286 қызмет (тапсырыс) көрсетілді.
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан бастап Алматы қаласының 3 жеткізушісінің біреуі бюджеттен бөлінген қаражаттың аяқталуына байланысты Яндекске қолжетімділікті өшіреді, бұл 409 МБТ-дан 355 МБТ-ға қатысты болады, Алматыдағы қалған 2 жеткізуші 54 МБТ пилотына қатысуды жалғастырады және қаражат ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына жуық аяқталады.
Сондай-ақ, 2024 жылы пилотты кеңейту бөлігінде барлық әкімдіктермен жұмыс жүргізілуде.
Еңбек ресурстары порталы «hr.enbek.kz»
2018 жылы қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарын есепке алуды автоматтандыруға арналған еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЕШЕАБЖ) әзірленді.
Еңбек кодексі бойынша жұмыс берушілер ЕШЕАБЖ-ға қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты енгізуге міндетті.
2022 жылы ЕШЕАБЖ-мен үндестірілген және электрондық еңбек шарттарын есепке алуға, сақтауға және жасасуға, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау есебінен қызметкердің жеке ісін автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік беретін HR Enbek еңбек ресурстары порталы (бұдан әрі-Портал) жұмысын бастады
Қазіргі таңда, порталда 5,6 млн. жұмыс істеп тұрған еңбек шарттары тіркелген. Бұл 414 мың жұмыс беруші және 5 млн. адам.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында порталда электрондық еңбек шартын (бұдан әрі - ЭЕШ) жасасу жөніндегі функционал іске қосылды. Бүгінгі таңда 462 ЭЕШ-ғаа қол қойылды (381 – ЭЦҚ көмегімен, 69 – мобильді қосымша арқылы, 12 – QR көмегімен) және ЕШЕАБЖ-да тіркелді.
2023 жылғы мамырда қызметкерлер үшін HR Enbek мобильді қосымшасы іске қосылды, онда порталда қызметкер үшін қолжетімді барлық функционал қолжетімді. Android арқылы жүктеу саны – 8,37 мың, IOS-8,4 мың.
Отбасының цифрлы картасы
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы 1 қаңтардан бастап отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) әзірленіп іске қосылды.
ОЦК – бұл «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған, отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік беретін Талдамалық шешім.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ОЦК да жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрі бойынша қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды және хабарламалардың 3 түрі (баланың тууы бойынша, бала күтімі бойынша, мүгедек бала күтімі бойынша, жұмыссыздық бойынша, асыраушысынан айрылу бойынша төлемдер, Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, Күміс алқа немесе Алтын алқа наградталған көп балалы отбасылар, АӘК, зейнетақы төлемдері, жұмысқа орналастыру бойынша хабарламалар және қандастарға хабарламалар).
Ағымдағы жылдың басынан бастап 804 мың азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін тиісті SMS жолданды, оның ішінде 318 мың азаматқа проактивті түрде тағайындалды, сондай-ақ 148 мың азаматқа басқа көздерден тағайындалды.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 50 түрі көзделген, оның ішінде 48 қызмет («электрондық үкімет» порталы, «eGov mobile» мобильді қосымшалары және ЕДБ, проактивті) электрондық түрде көрсетіледі, оның 29-ы проактивті және 2 қызмет (олар бойынша статистика аз болғандықтан электрондық форматқа ауыстырмау туралы шешім қабылданды) қағаз түрінде болады.
2023 жылы Министрлік «электрондық үкімет» порталында 2 жасырын қызметті автоматтандырды:
- «Әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару»;
- «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару».
Сондай-ақ, бүгінгі таңда «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы 35 мемлекеттік қызмет және 6 цифрлық құжат іске асырылды.
2022 жылы тағы 4 әлеуметтік-еңбек саласының қызметтері ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы іске асырылды (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көмек).
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Министрліктің ЕДБ арқылы көрсетілетін қызметтерінің саны 3 қызметке («көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау»; «жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»; «зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар туралы ақпарат беру») кеңейді, бұл ЕДБ мобильді қосымшасы арқылы көрсетілген қызметтердің үлесін 0,13% - дан 49,8% - ға дейін арттыруға әкелді.
Бұдан басқа, 4 мемлекеттік қызмет проактивті форматқа ауыстырылды («жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»; «мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау», «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсімі мен қозғалысы туралы ақпарат беру»; «міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру»).
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру бағыттарының бірі - шешім қабылдау кезінде адами факторды алып тастау және қызмет көрсету мерзімін қысқарту.
Мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және реинжиниринг шеңберінде жыл басынан бері 4 мемлекеттік қызмет («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау») «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау», «жерлеуге біржолғы төлем тағайындау», «арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» (1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға бөлігінде), яғни, жәрдемақылар адамның қатысуынсыз автоматты түрде ақпараттық жүйемен тағайындалады.
Егер бұрын жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде 7 адам қатысса және уақыт 8 жұмыс күнін алса, бүгінгі күні бұл жұмысты ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде орындайды.
Сондай-ақ, тағы 10 жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкерлерінің өтінішті қарау бөлігінде көрсету тәртібі жеңілдетілді, бұл қызмет көрсету мерзімін 8-ден 4 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қол қоюшылардың қысқаруы және кейбір қызметкерлерді әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінен шығару 610,6 млн.теңгеден астам (ҚҚС-сыз) үнемдеуге мүмкіндік берді.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 23,9 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 21,2 млн. немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 88,6%-ы электрондық түрде (оның ішінде 1,3 млн. проактивті көрсетілген), сондай-ақ 2,7 млн. қағаз түрінде көрсетілді.