Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру

Зейнетақымен қамсыздандыру бойынша ақпарат

Әлеуметтік қамсыздандырудың конституциялық кепілдемесін іске асыруда зейнетақы жүйесі ерекше орын алады.

1998 жылы зейнетақы жүйесінің реформасы басталған болатын.

Қазақстан ТМД елдері кеңістігінде жеке жинақтар тәртібінде негізделе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуді алғаш болып бастады,

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан елдің зейнетақы реформасы жүзеге аса бастады. Оның басты мақсаты – экономикалық өсуді ескеретін, қаржылық тұрақты және зейнетақы жарнасының жеке сәйкестендіру есебі арқылы еңбек үлесіне теңестірілетін әділ жүйені құру екені анықталды.

Реформалау нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру үш деңгейлі жүйесі қызмет атқарады.

Бірінші деңгей (базалық) – зейнетақы жасына жеткен барлық азаматтарға тағайындалатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (ерлер – 63 жаста, әйелдер 2022 жылы – 60,5 жаста (әр жыл сайын 6 айға 10 жыл ішінде 63 жасқа дейін кезеңмен өсуімен).

Қарт адамдардың табысын өсуіне әкелетін және кедейшілікті ескертуде басты құрал болған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 2005 жылдан енгізілді.

Есте қаларлығы, егер ол бұрын барлығына бірдей мөлшерде төленсе, енді 2018 жылғы Елбасының тапсырмасымен оның мөлшері әр алушыға жеке зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты анықталады.

Базалық зейнетақының мөлшері, оның күнкөрістің төменгі дейңгейі көлеміне байланысты болғандықтан, жыл сайын инфляция деңгейінде артады.

Екінші деңгей (міндетті) – екі төлеммен ұсынылған:

- мемлекеттік бюджет есебінен төленетін ынтымақшыл зейнетақы;

- қызметкерлердің зейнетақы жинақтарынан есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдері.

1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 айдан кем емес еңбек өтілі бар тұлғалар ынтымақшыл зейнетақы алуға құқылы.

Олардың мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарда жасалған еңбек өтілінің санына және зейнеткерлік алдындағы табыс деңгейіне байланысты (еңбек өтілі мен табыс неғұрлым жоғары болса ынтымақшыл зейнетақы мөлшері де соғұрлым жоғары).

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту Тұжырымдамасын жүзеге асыруда олардың мөлшері инфляция деңгейінен 2% асуымен артуда.

Жинақтаушы зейнетақы негізінен ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшері шегінде қызметкердің табысынан ұсталатын 10%-дық МЗЖ есебінен және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс берушілер төлейтін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 5% есебінен қалыптасады.

Үшінші деңгей (ерікті) – азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуыға жеке жауапкершілігін ынталандыратын ерікті зейнетақы жарналары.

Әлеуметтік сақтандыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасында 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін білдіреді.

Жұмыс істейтін азаматтар әлеуметтік аударымдар төленген жағдайда Жүйемен қамтылады.

Жүйе келесі әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда әлеуметтік қорғауға кепілдік береді:

- еңбек ету қабілетінен айырылу;

- асыраушысынан айырылу;

- жұмысынан айырылу;

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу;

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.

Жүйенің операторы әлеуметтік аударымдарды шоғырландыратын, әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын және жүзеге асыратын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) болып табылады.

Жұмыс берушілер әлеуметтік аударымдарды 2025 жылдан бастап жұмыскердің кірісінің 3,5% (2025 жылдан бастап 5%) мөлшерінде өз қаражаты есебінен төлейді. Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар да өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды 3,5 мөлшерінде дербес төлейді (2025 жылдан бастап 5%) өздері дербес айқындайтын алынатын кірістен.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері сақтандырылған табыстың деңгейіне, қатысу өтіліне және заңнамамен белгіленген басқа параметрлерге байланысты болады.

Айта кету керек, әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді (зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды қоспағанда), бірақ төлемдерді тек әлеуметтік тәуекелі бар адамдар ғана ала алады.

Сонымен қатар, Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылған немесе асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қолдау көпдеңгейлі болып табылатынын және мынадай төлемдерден тұратынын атап өту маңызды:

бірінші деңгей (базалық) – мемлекеттік бюджеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

екінші деңгей (міндетті) - МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер.

 

Документы
Құжат
27 августа 2026
Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті
БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын кем дегенде бір рет аударған салымшылардың саны
Құжат
27 августа 2026
Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті
Зейнетақы төлемдерімен табысты алмастыру коэффициенті
Ақпарат
20 августа 2025
Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілері интернет-порталына орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Новости
Полезные материалы
«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы