Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы
22 мамырдағы № 161 бұйрығы) сәйкес қысқа мерзімді кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін
Орталық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі:
қысқа мерзімді кезеңге, болжау кезеңі – 1 (бір) жылға;
орта мерзімді кезеңге, болжау кезеңі – болжамды қалыптастыру жылын қоса алғанда 6 (алты) жылға;
ұзақ мерзімді кезеңге (демографиялық болжам), болжау кезеңі – 2050 жылға дейін қалыптастырылады.
Орта мерзімді кезеңге арналған кадрларға қажеттіліктің болжамы экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар саны бойынша кәсіптер бөлінісінде статистикалық деректерге негізделеді. Өз кезегінде, көрсетілген статистикалық деректерді Ұлттық статистика бюросы жыл сайын наурыз айының соңына дейін қалыптастырады (халық саны, оның ішінде жұмыс күшінің құрамына кіретін халық саны; халықтың тууы; негізгі себептер бойынша халықтың өлімі; бағыттар бөлінісінде халықтың көші-қоны; жұмыспен қамтылған халық, өңір-сала бөлінісінде).
Ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы тарапынан біліктілікке сұраныс пен ұсынысты реттеудің және оларды танудың құқықтық және институционалдық құралдарының кешені.