
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы сұрақтар бойынша және өзара әрекеттесу және ынтымақтастықтың мүмкін түрлерін анықтау мақсатында шетелдік мемлекеттермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, сарапшы және ғылыми топтармен өзара әрекеттеседі. Еңбек, жұмыспен қамту, миграция, халықты әлеуметтік қамту және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Халықаралық әлеуметтік қамту ассоциациясы (ХӘҚА), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНПФА), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропалық Одақ, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және басқа да халықаралық ұйымдармен көпжақты қызметті жүзеге асырады.