2026 жылғы қаңтар-ақпанда зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету

Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 17 түрі көрсетіледі. Департаментте күн сайын республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі электрондық іс макеттері қаралады, сонымен қатар зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жаңадан ұсынылған құжаттар бойынша қайта есептеу жұмыстары жүзеге асырылады.

2026 жылдың екі айында 13 648 электрондық іс макеттері қаралды (оның ішінде жаңа тағайындау – 7 858, қайта қаралған істер саны – 5 333, бас тарту-457).

Қызметтердің жалпы санынан – 2728 (яғни жалпы санынан 20%) проактивті қызмет арқылы көрсетілді.

 

Төлем түрлері

Жаңадан тағайындал-ғандар саны

Қайта қаралғандар саны

Бас тарту саны

ЖАЛПЫ

Жасына байланысты зейнетақы төлемі

1297

1273

35

2605

Базалық зейнетақы төлемі

1409

887

24

2320

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, жалпы

372

1136

5

1513

оның ішінде: мүгедектік бойынша

287

823

1

1111

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша

85

313

4

402

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар

72

138

1

211

Туу және күтім бойынша жәрдемақылар

1531

8

2

1541

Мүгедек балаларға күтім жасау бойынша жәрдемақылар

107

186

 

293

Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау бойынша жәрдемақылар

116

93

 

209

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылар

36

45

 

81

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар

264

776

25

1065

Жерлеуге арналған жәрдемақы

726

0

1

727

Бюджеттік субсидиялар

889

791

2

1682

Мемлекеттік кепілдік

1023

 

362

1385

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы

16

   

16

БАРЛЫҒЫ:

7858

5333

457

13648

 

Бас тартудың негізгі себептері: МЗЖ сақталуына мемлекеттік кепілдікті төлеуге, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға құқықтың болмауы.

Әлеуметтік блоктың мамандары тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде мұрағаттық органдарға сұрау салу жолымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізеді.

Дата публикации
20 марта 2026