Мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету.

    Қазақстан Республикасында мүгедектерді қолдау – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Арнайы назар олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасауға және қоғам өміріне толыққанды қатысуына аударылады.

    Бұл жұмыстың маңызды бөлігі – техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету. Аталған құралдар жоғалған дене функцияларын өтеуге, тәуелсіздікті арттыруға және мүгедектердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

   Техникалық көмекші құралдарды беру құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген. Қамтамасыз ету медико-әлеуметтік сараптама нәтижелері бойынша әзірленетін жеке абилитация және реабилитация бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.Техникалық көмекші құралдарға арба-көліктер, есту аппараттары, протез-ортопедиялық құралдар, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдар, арнайы қозғалыс құралдары, сондай-ақ басқа қажетті құрылғылар жатады.

    Мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. ТКҚ алу Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұйымдастырылған, ол жеткізушіні таңдап, тапсырыс рәсімдеуге және жеке қажеттіліктерді ескере отырып қажетті құралды алуға мүмкіндік береді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілгендер саны 15 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдарды құрады, оның ішінде:

протез-ортопедиялық құралдар — 2777 адам;

     сурдотехникалық құралдар — 593 адам;

     тифлотехникалық құралдар — 2333 адам;

     арба-көліктер — 808 адам;

     гигиеналық құралдар — 8971 адам.                                                                                                                                                                                                                                           

Ағымдағы жылдың 1 наурызына техникалық көмекші құралдармен 2 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілген.

Мемлекет тұрақты түрде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізеді. Техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету – әлеуметтік интеграцияның маңызды механизмі болып табылады және инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

Мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету.
Дата публикации
17 марта 2026