1-тарау. Жалпы ережелер
Ауру мен мүгедектiктiң деңгейiне, құрылымына қарай МӘС бөлімдері жалпы бейіндегі, мамандандырылған бейіндегі (кәсіптік ауруы бар, туберкулезбен ауыратын, психикалық ауытқулары бар науқастар үшін) және педиатриялық бейіндегі МӘС бөлімдері болып бөлінеді.
1) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы;
2) еңбек ету қабiлетiнен айырылу – қызметкердiң жұмысты орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айырылуы, оның дәрежесi айырылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынаста көрсетіледі;
3) еңбек қабілеті – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру қабілеті;