Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін жақсарту, сондай-ақ объектілерді РҚ талаптарына сәйкес келтіру мақсатында «Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі» ұлттық стандартын әзірлеп, 2023 жылғы 14 қарашада бекітті.
Осы стандарт мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жеке және мемлекеттік кәсіпорындармен өзара іс-қимыл бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруды көздейді.