Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) ұжымына 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің талаптарын, соның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізілді.
Жиынды ашқан департамент басшысы кездесудің негізгі мақсаты ұжым қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің талаптарын, соның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын түсіндіру екендігін атап өтті.
Кездесу барысында Департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары А.І.Мұқанова баяндама жасап, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары талаптарына, проактивті сырттай куәландырудың пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, сырттай-проактивті куәландыруға жататын нозологиялар тізбесіне түсінік берді.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Қойылған сұрақтардың барлығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.