Картограмма коррупции

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-сі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

Орал қаласы                                                                         2026 жылғы 25 шілде

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына», сондай-ақ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылғы 25 маусымдағы № 1-5/53 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.                                                         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 26 маусым мен 25 шілде аралығында,  бірінші жартыжылдық кезеңін қамти отырып, төмендегі бағыттар мен өлшемшарттар бойынша жүргізілді.                                                                  І. Талдау жүргізудің мақсаты мен міндеттері                                     Талдаудың мақсаты – Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою.                                                                                             Талдаудың міндеті – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау, олардың ықтимал салдарын болдырмау және жою.                                                   Талдау бағыттары:                                                                                        1. Департаменттің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;                                                    2. Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.                                                        ІІ. Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері                      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылды:                                                                1) талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және ішкі құжаттар;                                                                                              2) талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;                       3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған талдау объектісінің қызметіне қатысты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері.                                 4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;                                                                                     5) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар;               6) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;         7) талдау объектісінің лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтың және заңның өзге де бұзушылықтарының жасалуына ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынулар;                                                                                                                            8) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.

  1. НҚА-дегі СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ Салалық құқықтық база:                                                              Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету.                                                             Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 17 түрін көрсетеді:  

1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;                      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;;                                   3) жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау 

4) мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау;

5) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау;                                                                                     6) арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;                                  7) мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау;

8) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;

9) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;

10) Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы тағайындау

11) баланың тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау;

12) көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;           

13) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

14) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау;                                                                                                15) инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу;                 16) жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу;

17) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыларды тағайындау.

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында анықталған мәселелер   І. «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»          Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың 23-тармағына сәйкес, Егер зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешім қабылдау үшін ЭІМ-ге осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген қосымша құжаттарды қоса тіркеу қажет екені анықталса және (немесе) табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың «және жеке табыс салығының» аударылуы туралы мәліметтерімен расталмаса, уәкілетті орган ЭІМ-ні қайтарады және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді.                                              Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабарлама немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы sms-хабарландыру алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну туралы, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарландыру жіберу арқылы хабардар етеді. Sms-хабарландырулар осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін sms-хабарландырулардың электрондық журналында тіркеледі.                                                                         Сонымен бірге, Қағидалардың 23-тармағындағы «және жеке табыс салығы» деген сөздер Қағидалардың 15-тармағымен құқықтық қайшылық туғызады. Аталған тармаққа сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін

тағайындау кезінде табыс міндетті зейнетақы жарналарының аударылғаны және олардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мөлшеріне сәйкестігі туралы орталықтандырылған дерекқор мәліметтерімен расталады. Бұл ретте табыстың жеке табыс салығы бойынша мәліметтермен расталуы жөніндегі талап Қағидалардың 15-тармағында көзделмеген.                                                                                                            Бұдан басқа, Қағидалардың 23-тармағындағы қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну туралы талап мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдеріне сәйкес келмейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды және Мемлекеттік корпорацияның өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етуі үшін ең көп дегенде 5 жұмыс күніне ұзартылады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін кез келген уақытта мерзімге шектеу қойылмай қайтадан жүгінуге құқылы.                                              Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері                                                           2026 жылғы 26 мамырдағы өзгерістермен Қағидалардың 23-тармағына түзетулер енгізілуіне байланысты қосымша құжаттарды ұсыну үшін жиырма бес жұмыс күндік мерзімді белгілеу өзінің өзектілігін жоғалтты, өйткені Қағидалардың қолданыстағы редакциясында көрсетілген мерзімді өткізіп алған жағдайда қандай да бір құқықтық салдар көзделмеген.                         Бұған дейін көрсетілетін қызметті алушылар қажетті мәліметтер немесе құжаттар отыз жұмыс күні ішінде толықтырылған жағдайда, зейнетақы төлемдерін құқық туындаған күннен бастап (алғашқы тағайындалған күннен бастап) қайта есептеу мүмкіндігіне ие болатын.                                   Сонымен қатар, 2026 жылғы 2 сәуірдегі өзгерістермен Қағидалардың 15-тармағынан «және жеке табыс салығы» деген сөздер алып тасталды. Алайда Қағидалардың 23-тармағына осындай өзгерістер енгізілмегендіктен, аталған нормалар арасында сәйкессіздік сақталып отыр.                                   Көрсетілген сәйкессіздіктер Қағидалардың нормаларын әртүрлі түсіндіруге және қолдануға әкелуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан негізді шағымдардың туындауына себеп болуы мүмкін.                 Ұсынымдар                                                                                       Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс жолдау:

  • 23-тармақтан «және жеке табыс салығы» деген сөздерді алып тастау;
  • 23-тармақтан «хабарламаны немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысына SMS-хабарламаны алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде» деген сөздерді алып тастау.

ІІ. «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 15-тармағына сәйкес Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және/немесе жарналардың аударылуы туралы мәліметтерімен расталады.  Сонымен қатар, аталған тармақтың орыс тілдегі редакциясында мынадай норма көзделген:                                                                                     «При назначении пенсионных выплат по возрасту доход подтверждается сведениями централизованной базы данных о обязательных пенсионных взносов и о их соответствии размерам социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования.»                                Осылайша, 15-тармақтың орыс тілдегі редакциясында табысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылғаны туралы мәліметтермен де растау көзделген, ал орыс тіліндегі редакциясында мұндай талап көзделмеген.  

Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің арасында айырмашылықтың болуы норманы әртүрлі түсіндіруге және құқық қолдану практикасының әркелкі қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

Норманың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мазмұнының сәйкес келмеуі заңнаманы біркелкі қолданбауға алғышарттар қалыптастырады, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметті алушыларға әртүрлі талаптардың қойылуына және негізді шағымдардың туындауына себеп болуы мүмкін.             Ұсыным:   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолдау. Атап айтқанда, Қағидалардың 15-тармағының мемлекеттік тілдегі редакциясын орыс тіліндегі редакциясына сәйкестендіру мақсатында «міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың» деген сөздерді алып тастау.

Мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру бөлігінде                 1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы:                  1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні;                                                                                                    2) бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы рәсімдейді.                                                         Бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою мерзімі көрсетілген нұсқама беріледі.                                                                                                Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалғаны туралы ақпарат ұсынылмаған немесе бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлар жоспардан тыс тексеру тағайындауға және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабына сәйкес бақылау субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін сотқа хаттама жолдауға құқылы.                                                                                        Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға берілген нұсқамаларды мәжбүрлеп орындату мақсатында сотқа жүгіну құқығы көзделмеген.                                                                                         Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге құқылы болғанымен, олар орындалмаған жағдайда бақылау субъектісі тек әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Алайда Департамент тарапынан нұсқамалардың орындалуын мәжбүрлеп қамтамасыз етудің заңнамалық тетігінің болмауы бақылау субъектілерінің бұл нұсқамаларды жүйелі түрде орындамауына әкелуі мүмкін.                                                                      Ұсыным: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 260-бабына мынадай мазмұндағы толықтыру енгізу туралы ұсыныс жолдау: «Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, берілген нұсқаманы мәжбүрлеп орындату үшін материалдар сотқа жіберіледі.»

«Мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және (немесе) әлеуметтік қорғау шараларының қажеттілігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету саласында      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 20-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, сараптамалық қорытынды сырттай проактивті куәландыруға арналған МӘС актісі келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығарылады.                 Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:  МӘС актілерінің күту парағында ұзақ уақыт болуы қызмет алушылар – мүгедектігі бар адамдар тарапынан негізді ескертулер мен шағымдардың туындауына себеп болады.                Ұсынылатын редакция: Сырттай проактивті куәландыру кезінде сараптамалық қорытынды МӘС актісі экстерриториялық сарапшыларға бөлінген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығарылады.                         МӘС жүргізу қағидаларының 23-тармағына сәйкес, диагнозды және ағза функцияларының бұзылу дәрежесін нақтылауды талап ететін даулы сараптамалық мәселелерді шешу үшін МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің отырысына консультанттар (кардиологтар, онкологтар, офтальмологтар, педиатрлар, психологтар және басқа да бейінді мамандар) шақырылады.        Алайда бұл талап қызмет алушылар тарапынан МӘС бөлімдерінің шешімдеріне шағымдану кезінде консультанттарды қатыстыру міндетті рәсім ретінде түсіндіріледі.                                                          Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Бейінді мамандарды шақыру міндетті шарт ретінде қабылдануына байланысты әкімшілік талап қоюларды қарау барысында соттар тарапынан: «Шағымды қарау кезінде неге консультанттар шақырылмаған» деген сұрақтар туындайды.                                  Ұсынылатын редакция: «МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде шағымдарды қарау кезінде қажеттілігіне қарай және №031/у нысанындағы мәліметтерде, мамандардың қорытындыларында, ауру тарихынан үзінділерде және жүргізілген зерттеулер нәтижелерінде қайшылықтар болған жағдайда консультанттар (кардиологтар, онкологтар, офтальмологтар, педиатрлар, психологтар және басқа да бейінді мамандар) шақырылады.»                        МӘС жүргізу қағидаларының 31-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік ағза функцияларының тұрақты, қайтымсыз өзгерістері мен бұзылыстары болған, оңалту іс-шараларының, оның ішінде операциялық емнің және (немесе) ағзаларды трансплантациялаудың толық көлемде тиімсіздігі анықталған, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адам кемінде төрт жыл, екінші топ – бес жыл, үшінші топ – алты жыл динамикалық бақылауда болып, мүгедектік тобы тұрақты болған жағдайда белгіленеді. Бұл ретте Қағидалардың 7-2-қосымшасында көрсетілген, он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік бес жыл мерзімге белгіленетін аурулар мен ақаулар тізбесінде көзделген жағдайлар алып тасталған.                                                                              Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Аталған нормада құқықтық коллизия орын алған деп есептеледі, себебі Қағидалардың 7-2-қосымшасы («Он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік бес жыл мерзімге белгіленетін аурулар мен ақаулар тізбесі») мен 31-тармағының мазмұны өзара қайшы келеді. 7-2-қосымшада 22 нозология бойынша ауыр патологиялық жағдайлар көзделген.          Ұсыныс: Қағидалардың 31-тармағынан: «осы Қағидаларға 7-2-қосымшаға сәйкес он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік бес жыл мерзімге белгіленетін аурулар мен ақаулар тізбесінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда» деген сөздерді алып тастау.                                  МӘС жүргізу қағидаларының 7-2-қосымшасының 6-тармағына сәйкес, 1 немесе 2 типті қант диабеті ағзалар мен жүйелер функцияларының айқын көптік бұзылыстарымен (екі төменгі аяқтың IV сатыдағы созылмалы артериялық жеткіліксіздігі, пролиферативті ретинопатия және 3–5 сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы болған жағдайда) мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленеді.                                                                                    Ұсынылатын редакция: «1 немесе 2 типті қант диабеті ағзалар мен жүйелер функцияларының айқын көптік бұзылыстарымен (екі төменгі аяқтың IV сатыдағы созылмалы артериялық жеткіліксіздігі, көру өткірлігі жарық сезу, қол қозғалысы деңгейінен көруі жақсы көзде түзетумен 0,03-ке дейін төмендеген немесе көруі жақсы көздің көру өрісі барлық бағытта фиксация нүктесінен 15 градусқа дейін тарылған пролиферативті ретинопатия, сондай-ақ 5 сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы болған жағдайда).» Өйткені 3–4 сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы (СБА) ағза функцияларының айқын бұзылыстарына жатпайды.                                                                       Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: МӘС жүргізу барысында 3–4 сатыдағы созылмалы бүйрек ауруымен асқынған қант диабеті диагнозы бар адамдар I топтағы мүгедектікті және мүгедектікті 5 жыл мерзімге белгілеуге үміткер болуы мүмкін.                                                                                     Ұсыным: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне МӘС жүргізу қағидаларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жолдау.                                               МӘС жүргізу қағидаларының 22-тармағына сәйкес «№031/у нысаны негізсіз рәсімделген (ағзаның жай-күйін және тыныс-тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін кешенді бағалау үшін қажетті деректер болмаған) жағдайда, МӘС бөлімі көзбе-көз куәландыру кезінде ұсынылған медициналық құжаттарды қарау және талдау нәтижелері негізінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде №031/у нысанының көшірмесін қоса бере отырып, бұл туралы медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін және пациентті жолдаған медициналық ұйымды жазбаша хабардар етеді. Бұл жөнінде МӘС актісінде және №031/у нысанындағы МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламада белгі қойылады.»                                                            Алайда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент негізсіз МӘС-ке жолданған жағдайлар бойынша 143 хабарлама Қазақстан Республикасы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолдаған. Өз кезегінде бұл хабарламалар шара қолдану үшін облыстың денсаулық сақтау басқармасына жолданған, себебі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы №ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы №70 бірлескен бұйрығымен бекітілген тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің 1-қосымшасының 142-тармағына сәйкес №031/у нысанын негізді ресімдеу елеулі бұзушылықтар санатына жатады және әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқықтық негіз жоқ.  

2026 жылдың бірінші жартыдылдығында медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық және бақылау бөлімімен 56 қызмет алушы бақылау бойынша қайта куәландырылып, алғашқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің сараптамалық қорытындысының 40,8 %-ы өзгертілді. Олардың ішінде 26,7 % проактивті сырттай куәландырудан өткендер.

Сонымен қатар, шағымдану бойынша 116 адамның медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы қайта қаралып, 37,9 % - ы өзгертілді. Оның ішінде проактивті сырттай куәландырылғандар 54,3%.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: МӘС-ке негізсіз жолдау фактілері бойынша әкімшілік ықпал ету тетігінің болмауы және жауапкершіліктің жеткіліксіздігі негізсіз жолдаулар санының артуына, №031/у нысанының сапасыз толтырылуына, сондай-ақ жалған немесе анық емес медициналық құжаттардың ұсынылуына әкелуі мүмкін.                                                        Облыс бойынша МӘС-ке жалған құжаттар ұсынылған болуы мүмкін 5 жағдай анықталған. Оның ішінде 1 қызмет алушы артық төленген соманы ерікті түрде қайтарған. 4 қызмет алушыға қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарында қаралуда.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ 2.1. КАДР САЯСАТЫ                                                                       Салалық құқықтық база: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы.              Кадрлардың қозғалысы. Талдау жүргізілген сәтте Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны 22 адамды құрайды, 5 бос лауазым бар.                                                                                                                                  2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша штат саны – 22 бірлік, нақты саны – 17 адам.                                                                                                          Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.                                                      Жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлер мемлекеттік қызметте болуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен, міндеттемелермен және Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексімен қол қою арқылы таныстырылды. Сондай-ақ олар салық декларациясын тапсырғаны туралы анықтамаларды ұсынды.                                            Барлық қызметкерлер Департамент ғимаратында аудио және бейнебақылау жүргізілетіні туралы ескертумен танысып, қол қойды.          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 6-тармағының 10) тармақшасына сәйкес барлық қызметкерлер «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға қойылатын шектеулерді қабылдады.                             Тәртіптік практика. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.                       Атап айтқанда, Департаменттің 2025 жылғы 3 қазандағы №13-к бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы О.Б. Қойшыбаевқа сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.                                                                                                           Талдау жүргізілген кезеңде 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 8 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды. Мүдделер қақтығысы. Департаментте ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстық байланыстағы адамдар бірлесіп жұмыс істемейді. Ұсынылған мәліметтерді талдау нәтижесінде мүдделер қақтығысының факілері анықталған жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде үлестестік (аффилиирленгендік) белгілері, сондай-ақ жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, туған және өгей аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайының (зайыбының) тікелей бағынысында мемлекеттік лауазымдарды атқару фактілері анықталған жоқ.                                                       Қызметкерлердің барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған.                                                                                                           Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында Департамент қызметкерлеріне қатысты жағымсыз жарияланымдар тіркелген жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.2. ПРОЦЕСТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ. ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ    Салалық құқықтық база: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.                            Жалпы ақпарат: Департаменттегі құжат айналымы нысаны – электрондық.                                                                                           Барлық құжаттар электрондық құжат айналымы жүйесі – Documentolog арқылы түседі.

Хаттарға және өтініштерге жауаптар пошта байланысы арқылы жолданады.

2.3. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ

Салалық құқықтық база: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК).                                                   2026 жылғы 1 қаңтардан 25 маусым аралығында – 564 өтініш келіп түсті.         Жауаптар Е-otinish платформасы және Қазақстан Республикасының ӘРПК талаптарына сәйкес беріледі.                                                           Барлық келіп түскен өтініштер бойынша қарау мерзімдерін бұзу фактілеріне жол берілмеді, өтініштер объективті қаралып, жан-жақты зерделеніп, толық әрі нақты түсіндірмелер берілді.                                                            Сонымен қатар, Департаменттің екі қызметкері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы 1-бөлігі (құқықтық статистика деректерін бұрмалау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Департамент басшысы ӘРПК талаптарын сақтау бойынша техникалық оқу өткізді, оның ішінде: ӘРПК-нің 73-бабы бойынша тыңдау рәсімдерін жүргізу, Е-otinish жүйесінде есепке алынбайтын ұсыныстарды, жарнама сипатындағы өтініштерді қарау, ӘРПК-нің 69-бабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі өтініштер, ӘРПК-нің 79-бабы бойынша заңды және негізді әкімшілік акт шығару, ӘРПК-нің 65-бабы бойынша өтініштерді уәкілетті әкімшілік органға немесе лауазымды тұлғаға жолдау мәселелері түсіндірілді. Сонымен бірге барлық қызметкерлерге заңнама талаптарын сақтау және белгіленген нормаларды мүлтіксіз орындау тапсырылды. Алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол бермеу және олардың алдын алу қажеттігі ерекше атап өтілді.                                                                                                 Коррупциялық тәуекелдер: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.                                                                                            Ұсынымдар: Департаменттің барлық қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін қарау кезінде мерзімдерге, сапасына және құжаттарды рәсімдеу дұрыстығына ерекше назар аудару ұсынылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген өтініш түрлерін саралау, оларды қарау мерзімдері, ӘРПК талаптарына сәйкес тыңдау рәсімдерін жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу қажет.

2.4. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ                 Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету:                                                          Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері мемлекеттік қызметтердің 17 түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны – электрондық, қызметтер «E-maket» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.                                 2025 жылғы 26 маусымнан 2026 жылғы 26 маусымға дейінгі кезеңде Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі барлығы 39 938 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:                                    

- жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 7 537;                                  

- базалық зейнетақы төлемдері – 6 654;                                                      

- мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 3 338;          

- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 1 350;                                                                                                

- бала тууына және 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы – 4 481;                                                                                               

- регрестік төлемдер – 2;                                                                    

- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) берілетін жәрдемақы – 839;                                                                                      

- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы – 674;                                                                                                             -

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, сондай-ақ «Батыр ана» атағымен немесе «Ана даңқы» ордендерінің I және II дәрежелерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы – 237;                                   - көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы – 3 165;                               - мемлекеттік кепілдік төлемдері – 3 897;                                                           - жерлеуге берілетін жәрдемақы – 2 204;                                                             - арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар – 651;                                                    - арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы– 48;                                          -жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу – 2;

- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы - 1;

- бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға қосымша белгіленген, бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару – 4 858.

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі – 100%.       Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына, сондай-ақ қызмет алушының қызмет көрсетушімен тікелей байланысын болдырмау мақсатында зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға арналған құжаттарды қабылдау және істердің электрондық макеттерін қалыптастыру Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының фронт-офистері арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына және оларды көрсету мерзімдерінің бұзылуына қатысты шағымдар түскен жоқ.             Коррупциялық тәуекелдер: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  анықталған жоқ.

Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету                              Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мемлекеттік қызметтің 1 түрін – «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.                                                                        Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде / проактивті түрде жүзеге асырылады және «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесі (АЖ ОДБМ) арқылы көрсетіледі.                                         Тұрақты бұзылған ағза функциялары салдарынан тіршілік әрекеті шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен» (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалады.                          Көрсетілген кезең ішінде МӘС бөлімдері тарапынан 4 369 қызмет көрсетілді. Оның ішінде: күндізгі (сырттай емес) форматта – 2 361, сырттай-проактивті форматта – 2008.                                                                                     МӘС-1        2 088                     күндізгі 1 112                 сырттай         976           МӘС-2        2 281                     күндізгі 1 249                сырттай 1 032     

2026 жылдың бірінші жартыдылдығында медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық және бақылау бөлімімен 56 қызмет алушы бақылау бойынша қайта куәландырылып, алғашқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің сараптамалық қорытындысының 40,8 %-ы өзгертілді. Олардың ішінде 26,7 % проактивті сырттай куәландырудан өткендер.

Сонымен қатар, шағымдану бойынша 116 адамның медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы қайта қаралып, 37,9 % - ы өзгертілді. Оның ішінде проактивті сырттай куәландырылғандар 54,3%.

          Осылайша, көрсетілген кезеңде сырттай-проактивті түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 45,7%-ды құрады (мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 4 369, сырттай өткендері – 2 008). Сырттай-проактивті көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шағымдану үлесі жалпы шағымдардың 54,3%-ын құрады.                                                                       Қайта куәландыру кезінде қолайлы актілердің үлесі 37,9%-ды құрады. Адамдарды МӘС-ке жіберу кезінде медициналық тексерудің толықтығы, көлемі, негізділігі, мерзімдердің сақталуын және медициналық есеп құжаттамасының сапалы рәсімделуін бақылау жолдаушы медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (ДКК) төрағасы арқылы қамтамасыз етіледі.                                                                             Көрсетілген кезең ішінде МӘС-ке негізсіз жіберілген адамдар саны 177 адамды құрады, оның ішінде күндізгі форматта – 143, сырттай-проактивті форматта – 34.                                                                                              Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында МӘС-ке негізсіз жолданған жағдайлар бойынша 143 хабарлама Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментіне жолданды. Өз кезегінде аталған хабарламалар шаралар қабылдау үшін облыстың денсаулық сақтау басқармасына қарауға жіберілді. Себебі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы №ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы №70 бірлескен бұйрығымен бекітілген медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының 1-қосымшасының 142-тармағына сәйкес МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламаны, №031/у нысанын негізді рәсімдеу (ағза жағдайын және «тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін» кешенді бағалау үшін деректердің болуы) елеулі бұзушылық дәрежесіне жатады, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз жоқ. Осыған байланысты материалдар шара қабылдау үшін денсаулық сақтау басқармасына жолданады.                        

2026 жылдың 5 наурызында қалалық медициналық мекемелер үшін,
аудандық медициналық мекемелер үшін 2026 жылдың 12 наурызында өткізілген оқыту семинарына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жумабаева мен  Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж.Абдолов мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы М.Курманбаева, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының БҚО бойынша филиалының басшысы Д.Искакова қатыса отырып медициналық мекемелердің дәрігерлік-консультативтік комиссия (бұдан әрі – ДКК) төрағалары мен жалпы тәжірибе дәрігерлеріне МӘС жүргізу ережелері мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігін әзірлеу сұрақтары бойынша дәріс оқылды. Жиын барысында ДКК төрағалары мен дәрігерлерге МӘС-ке қорытынды 031/е нысанын толтыру кезінде МӘС жүргізу ережелерін қатаң басшылыққа ала отырып, негізді, сапалы, уақытылы жолдау сонымен бірге проактивті сырттай куәландыруға жататын нозологиялар бойынша жолдамалардың сапасын арттыру бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жумабаеваға негізсіз жолдамалар үшін шара қолдану тәсілдерін қарастыру бойынша ұсынымдар берілді.

Сонымен бірге, 2026 жылдың 17 наурызында Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына 2026 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша негізсіз жолдамалардың өсіп отырғанын ескере отырып, қатаң бақылауда ұстауды МӘС-ке негізсіз толтырылған жолдамалар бойынша әр жағдайға жүргізілген талдау нәтижелері мен негізсіз жолдамалардың орын алуына жауапты тұлғаларға қолданылған шаралар туралы ақпаратты Департаментке 2026 жылдың 31 наурызына дейін жіберілуіне ықпал ету туралы шығыс № 4-2/351-И хаты жолданды.

2026 жылдың 4 наурызында Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына «Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 168, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 292/НҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 56 бірлескен бұйрығы (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық) қосымша парақта жалғана отырып, медициналық мекемелердің Бірлескен бұйрыққа сәйкес нозологиялар бойынша МӘС-ке құжаттарды жолдау барысында міндетті зерттеп-қарау әдістері тіркелгенін тексеріп, МӘС-ке жіберу кезінде медициналық есепке алу құжаттамасын ресімдеудің, медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін, негізділігін, мерзімдері мен сапасына жауапты ДКК төрағасымен тиісті деңгейде бақылауға алынуына ықпал етуін сұрап шығыс № 4-2/273-И хаты жолданды.

Есепті кезеңде 35 семинар-кеңес өткізілді.                            Коррупциялық тәуекелдер:                                                                      1. МӘС-ті күндізгі форматта өткізу кезінде қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысының болуы.                                              2. Медициналық ұйымдар ұсынатын мәліметтердің түпнұсқалығын тексеру және жалған құжаттарды анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін медициналық құжаттаманың 100% цифрландырылмауы.                        

2.5. МЕМЛЕКЕТТІК-БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ                                                                                                        Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің 154-бабына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.                                         Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-2-бабына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері қалыптастырылады.      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №807 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» бұйрықтың 8-тармағына сәйкес субъективті критерийлерді айқындау мынадай кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:                                                         1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;                         2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.                              Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.                                    Сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:                                                                                                            1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;                                                                                         2) бұрын жүргізілген тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері;                    3) Әлеуметтік қызметтер порталының деректерін және Порталда тіркелу үшін өнім беруші ұсынған құжаттар топтамасын зерделеу негізінде комиссия қорытындыларының нәтижелерін талдау.                                    Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы мен субъективті критерийлер көрсеткіштерінің маңыздылығын ескере отырып, осы Критерийлердің 3-тарауында айқындалған субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 баллға дейінгі шкала бойынша есептеледі.     Жартыжылдық тізімдерді қалыптастыру кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері тарапынан субъектілерге (объектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында бұзушылықтар анықталмады.                                                                      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.                                                                                         Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу фактілері бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабы нормаларына сәйкес лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, атап айтқанда:                                                                                                                 1) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу;                                               2) мүгедектігі бар адамдардың мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасамау.                                     Аталған бұзушылықтар:                                                                                       – лауазымды тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;           – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;                                                                                                    – орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;                                                                                                               – ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.                                                  Талдау нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері объектілерді тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды толтыратыны анықталды.          Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мүгедектігі бар адамдар үшін объектілерді бейімдеу мәселелері бойынша бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілеу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеген.                                                                                                     Алайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындау мерзімі Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде (Әлеуметтік кодекс, бұйрықтар және т.б.) бақылау субъектілері үшін нақты регламенттелмеген.                                                                  Осыған байланысты кейбір жағдайларда субъектілердің құқықтары бұзылуы мүмкін.                                                                                                Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындау мерзімдерінің нақты белгіленбеуіне байланысты жекелеген субъектілерге артықшылық беру түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. Мысалы, бір субъектілерге анықталған бұзушылықтарды жою үшін 3 ай мерзім белгіленуі мүмкін болса, ал басқа субъектілерге 6 ай мерзім берілуі ықтимал.              

2.6. СОТ ПРАКТИКАСЫН ТАЛДАУ                                                      2026 жылдың 6 айы ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті жауапкер ретінде 5 сот ісіне қатысты, оның ішінде зейнетақы мәселелері бойынша – 3, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша – 6 іс.    Нәтижелері:                                                                                                            - талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды – 4;                                              - талап қанағаттандырылды – 1;                                                                             - бітімгершілік келісім жасалды – 0;                                                                    - талап арыз қайтарылды – 2;                                                                                - қаралу сатысында – 2.                                                                                        Соттардан келіп түскен хабарламаларға сәйкес, Департамент қызметкерлері жауапкер және өз талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға ретінде сот процестеріне қатысады, сондай-ақ нақты сот материалдары бойынша пікірлерін (пікірхаттарын) ұсынады.                                          

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

1.7. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ                                                                                           Департамент ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілігі туралы ақпараттық стендтер, Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшыларының байланыс деректері, сенім телефоны 50-68-28, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілдерінің байланыс деректері орналастырылған.                                                                    Департаменттің барлық бөлімдерінде аудиожазбасы бар бейнебақылау камералары орнатылған. Басшының кабинетінде, қабылдау бөлмесінде және дәліздерде бейнебақылау жүргізіледі. Бақылау бөлімі тексеру іс-шараларын жүргізу барысында бейнетіркегіш пайдаланады.                                Тұрақты негізде аппараттық кеңестер барысында Департамент басшысы Бериков Ж.Ж қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.                                                                               Сонымен қатар медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша қызмет алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы сауалнамалар жүйелі түрде жүргізіледі. Сауалнамаға барлығы 1 190 адам қатысты (МӘС №1 – 395 адам, МӘС №2 – 795 адам). Сауалнама нәтижелері бойынша: «жақсы» деп жауап бергендер – 1 187 адам, «қанағаттанарлық» – 3 адам, «нашар» – 0 адам.                                                                  Медициналық ұйымдардың дәрігерлері мен МӘС қызметкерлері тарапынан пара талап ету фактілері бойынша шағымдар анықталған жоқ.    Мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін сапалы әрі тиімді орындауы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды сақтау мәселелері Департамент басшылығының ерекше бақылауында.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг деректеріне сәйкес, Департаментте сот шешімімен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлер жоқ.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ          Департаменттің уәкілетті тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы ақпаратты талдау барысында құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және азаматтардан қандай да бір мәліметтер келіп түскен жоқ.

БАҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департаменттің уәкілетті тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері және жағымсыз сипаттағы материалдар анықталған жоқ.   Әлеуметтік желілерге, блог-платформаларға, сондай-ақ өзге де интернет-ресурстарға жүргізілген ақпараттық талдау барысында жоғарыда көрсетілген сипаттағы хабарламалар анықталған жоқ.

2.11. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР                                     Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі №266 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қаржылық қызметтерін орталықтандыру туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қаржылық қызметтерін орталықтандыруға байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап Департамент мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізбейді.

ҰСЫНЫМДАР                                                                                 Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, төмендегідей ұсынымдар беріледі:                                                                                                1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №232 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне жолдау, оның ішінде:

  • Қағидалардың 23-тармағынан «және жеке табыс салығы» деген сөздерді алып тастау;
  • Қағидалардың 23-тармағынан «хабарламаны немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына SMS-хабарламаны алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде» деген сөздерді алып тастау.

Сонымен қатар 15-тармақты мемлекеттік тілдегі редакциясын орыс тіліндегі редакциясына сәйкестендіру мақсатында «міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың» деген сөздерді алып тастау.                                                                                              2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 260-бабына келесі мазмұндағы толықтыру енгізу туралы ұсынысты жоғары тұрған органға жолдау:        «Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, берілген нұсқаманы мәжбүрлеп орындату үшін материалдар сотқа жолданады».          Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 20, 22, 23, 31-тармақтарына және 6-қосымшасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдау.                  3. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы 100% қашықтықтан проактивті түрде жүргізуге көшу.                                                                              4. МӘС әдіснама және бақылау бөліміне және МӘС бөлімдерінің басшыларына «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету мерзімдерінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізу.                                                             5. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі мүгедектік топтарын белгілеу немесе белгілемеу, мүгедектік мерзімдерін, жалпы және кәсіптік еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін анықтаудың негізділігіне тұрақты бақылау жүргізсін.                                                                                                                6. МӘС жүргізу қағидаларының 22-тармағы талаптарына сәйкес, МӘС бөлімдері МӘС-ке негізсіз жолданған және бетпе-бет куәландыруға жіберілген жағдайлар бойынша уақтылы мемлекеттік органның медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы аумақтық бөлімшесіне және пациентті жолдаған медициналық ұйымға №031/у нысанының көшірмесін қоса бере отырып хабарлама жіберсін.                                                            7. Соттардан келіп түскен әрбір хабарлама бойынша сапалы пікірлер ұсынып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот отырыстарына қатысу.                                                                                                                     8. Департаменттің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, еңбек тәртібін және Әдеп кодексі талаптарын мүлтіксіз сақтасын.                                                                         9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және әдеп жөніндегі уәкіл өкілдерін шақыра отырып, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.                                                                 10. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін Департаменттің интернет-сайтына орналастыру.

 

Жұмыс тобының төрайымы                                       А. Муканова

 

Жұмыс тобының мүшелері:                                         А. Бисекенова

 

                                                                                           С.  Туралиева

 

                                                                                             Б. Абилов

                                                                                          

                                                                                           Б. Джумагазиева  

 

 

Дата публикации
14 октября 2026