Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы

реттеу және бақылау комитетінің Батыс облысы бойынша департаментінің қызметіндегі

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

 

 

Р/с №

Қызмет саласы
(бағыты)

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері мен жағдайлары

Тәуекелдерге бейім лауазымдар (құрылымдық бөлімшелер)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды жою жөнінде қабылданған шаралар

Нәтиже (күтілетін/қол жеткізілген)

 

2024 жыл

1.        

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу

Мүгедектік тобын негізсіз белгілеу немесе өзгерту тәуекелі; МӘС жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу тәуекелі; сараптаманы толық құрамда жүргізбеу немесе алқалы түрде қарамау тәуекелі; мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі; қызмет алушымен бейресми байланыс орнату тәуекелі.

Адами фактор; қызмет алушымен тікелей байланыс; мерзімі өткен құжаттар бойынша МӘС жүргізу; кадр тапшылығы және маманның болмауы; медициналық құжаттардың дұрыстығын бақылаудың жеткіліксіздігі; маманның куәландырылатын адаммен туыстық байланысының болуы мүмкіндігі.

МӘС бөлімдерінің басшылары мен мамандары; сараптамалық шешімдерді бақылауға қатысатын мамандар.

Заңнамада көзделген негіздер болған кезде МӘС-ті сырттай-проактивті форматта жүргізу; құжаттарды және белгіленген тәртіптің сақталуын тексеру; кабинеттерде бейнебақылау жүргізу; мәселелерді алқалы түрде қарау; қызмет алушыларға сауалнама жүргізу; түсіндіру жұмыстарын жүргізу; мүдделер қақтығысын реттеу; сараптамалық шешімдерге қатысты шағымдарды бақылау және қарау.

МӘС-тің объективтілігі мен ашықтығын арттыру; тікелей байланысты және адами фактордың ықпалын азайту; бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жою.

2.        

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау, мемлекеттік қызметтер көрсету

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды негізсіз тағайындау немесе оларды тағайындаудан бас тарту тәуекелі; мәліметтер мен құжаттарды өңдеу кезінде қателік жіберу тәуекелі; мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тәуекелі.

Бастапқы мәліметтердің толық болмауы немесе дәйексіздігі; адами фактор; электрондық деректердің дұрыстығын және мерзімдердің сақталуын бақылаудың жеткіліксіздігі.

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы мен мамандары.

Электрондық форматты және «Е-Макет» бағдарламалық қамтылымын пайдалану; мерзімдердің сақталуын бақылау; мәліметтердің дұрыстығын тексеру; мемлекеттік қызметтерді алу және оларға шағымдану тәртібін түсіндіру; мерзімді ішкі мониторинг жүргізу.

Адами фактордың ықпалын азайту; мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығы мен уақтылығын арттыру.

 

2025 жыл

1.        

Халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау

Бақылау іс-шараларын негізсіз тағайындау немесе жүргізу тәуекелі; тексерулерді тіркеу және жүргізу тәртібін бұзу тәуекелі; бақылау нәтижелері бойынша негізсіз шешімдер қабылдау тәуекелі; кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартпау тәуекелі; мерзімдерді бұзу тәуекелі; мүдделер қақтығысы және бақылау субъектілерімен бейресми өзара іс-қимыл тәуекелі.

Бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыруды және материалдарды тіркеуді бақылаудың жеткіліксіздігі; субъективті көзқарастың болуы мүмкіндігі; құжаттамалық тіркеудің жеткіліксіздігі; адами фактор; штат санының шектеулілігі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы мен мамандары.

Бақылау іс-шаралары мен құжаттарды ақпараттық жүйелерде белгіленген тәртіппен тіркеу; бақылау жүргізу негіздері мен мерзімдерін сақтау; нәтижелерді құжаттау; қажет болған жағдайда бейінді мамандарды тарта отырып, күрделі мәселелерді алқалы түрде қарау; нұсқамалардың орындалуын бақылау; мүдделер қақтығысын декларациялау және реттеу; ішкі мониторинг жүргізу.

Бақылау іс-шараларының заңдылығын, объективтілігін және ашықтығын арттыру; анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.

2.        

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс

Өтініштерді уақтылы қарамау тәуекелі

Жүктеменің жоғары болуы, орындалуын бақылаудың жеткіліксіздігі

Жауапты орындаушылар, бөлім басшылары

Бақылау журналын жүргізу, орындалуына ай сайын мониторинг жүргізу, дербес жауапкершілік

Өтініштерді қарау сапасы мен уақтылығын арттыру

 

2026 жыл (I–III тоқсандар бойынша)

1.        

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау, мемлекеттік қызметтер көрсету

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды негізсіз тағайындау немесе оларды тағайындаудан бас тарту тәуекелі; мәліметтер мен құжаттарды өңдеу кезінде қателік жіберу тәуекелі; мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тәуекелі.

Адами фактор; бастапқы мәліметтердің толық болмауы немесе дәйексіздігі мүмкіндігі; электрондық деректердің дұрыстығын және мерзімдердің сақталуын бақылау қажеттілігі.

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы мен мамандары.

Зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді тағайындау қызмет көрсетушінің қызмет алушымен тікелей байланысын болдырмайтын «Е-Макет» бағдарламалық қамтылымын пайдалану арқылы толық электрондық форматта жүзеге асырылады. Қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, электрондық үкімет порталы және проактивті формат арқылы алу арналары қолжетімді. Мерзімдердің сақталуы бақыланып, мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі.

2026 жылдың 9 айында 62 306 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 33 799  жаңа тағайындау; жасына байланысты 5 092 зейнетақы және республикалық бюджеттен 28 707 жәрдемақы тағайындалды. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушылар саны — 272 589 адам, оның ішінде 104 436 адам зейнетақы төлемдерін алушы болып табылады. Анықтамаға сәйкес, қызметтер уақтылы және толық көлемде көрсетілген.

2.        

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу және мерзімі өткен құжаттар бойынша МӘС жүргізу тәуекелі; сараптаманы толық құрамда (3 маманнан аз) жүргізбеу немесе алқалы түрде қарамау тәуекелі; мүгедектікті негізсіз белгілеу немесе оның ауырлық дәрежесін негізсіз арттыру тәуекелі; мамандардың туыстарын куәландыру кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі; қызмет алушымен тікелей байланыс кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Адами фактор және қызмет алушымен тікелей байланыс; мерзімі өткен құжаттар (жеке куәлік, 031/у нысаны); кадр тапшылығы және еңбек демалысы немесе ауру кезеңінде мамандардың болмауы; медициналық құжаттардың дұрыстығын бақылаудың жеткіліксіздігі; куәландырылатын адаммен туыстық байланыстың болуы мүмкіндігі

МӘС-тің үш бөлімінің, оның ішінде әдіснама және бақылау бөлімінің басшылары мен мамандары; сараптамалық шешімдерді бақылауға қатысатын мамандар.

МӘС-тің барлық кабинеттерінде аудио- және бейнежазбасы бар бейнебақылау жүргізу; қызмет алушыларға сауалнама жүргізу, сенім телефоны, шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік, ақпараттық стендтер және түсіндіру жұмыстары. Куәландырудың сырттай-проактивті форматы енгізілді; мерзімі өткен құжаттар болған кезде қызметті автоматты түрде бұғаттау, бөлім құрамын 4 маманға дейін ұлғайту, туыстық байланыстарды анықтау үшін «ЦБДИ» АЖ-ны «Е-Қызмет» АЖ-мен интеграциялау және басқа өңірлерде туыстарын қайта куәландыру мүмкіндігін енгізу ұсынылады. 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі жоспар бекітілді.

2026 жылдың 9 айында 7 016 куәландыру жүргізілді; сырттай-проактивті форматта 3 312 өтінім қаралды (47,2%). Сауалнамаға қатысқан 915 адамның барлығы қызмет сапасына қанағаттанғанын білдірді. 41 семинар өткізілді, 51 ақпараттық материал/сөз сөйлеу жарияланып, орналастырылды. Әдіснама және бақылау бөлімі бақылау/шағымдану бойынша 256 жағдайды қарады; МӘС-тің 1 413 актісі тексеріліп, тексеру барысында түзетілген 124 ескерту анықталды.

3.        

Халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау

Бақылау жүргізу және актілерді тіркеу тәртібін бұзу тәуекелі; бұзушылықтарды нұсқамаларға негізсіз енгізу немесе енгізбеу тәуекелі; ұқсас мән-жайларда бұзушылықтарды жоюдың әртүрлі мерзімдерін белгілеу тәуекелі; объектілердің қолжетімділігі туралы декларацияларды негізсіз келісу немесе келісуден бас тарту тәуекелі; мүдделер қақтығысы.

Бақылау объектілерін таңдау және тексерулер тізбесін қалыптастыру тәртібінің жеткіліксіз регламенттелуі; бұзушылықтар мен объектілердің қолжетімділігін бағалау кезінде субъективті көзқарастың болуы мүмкіндігі; автоматтандыру мен құжаттамалық тіркеудің жеткіліксіздігі; адами фактор; штат санының шектеулілігі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы мен мамандары.

Лауазымды тұлғаның ықпалынсыз тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бақылау объектілерін таңдауды автоматтандыру ұсынылады; ИПАР-дың іске асырылуын тексерудің бірыңғай тәртібін белгілеу; талаптардың сақталуын бағалаудың бірыңғай, нақты және өлшенетін өлшемшарттарын айқындау; объектілердің қолжетімділігін бағалау және декларацияларды келісу тәртібі туралы нормативтік құқықтық акт әзірлеу қажет. Бақылау нәтижелерін құжаттауды, бақылау жүргізу негіздері мен мерзімдерінің сақталуын күшейту, мүдделер қақтығысын реттеу және штат санын ұлғайту мәселесін қарау қажет.

2026 жылы 56 тексеру жүргізілді, оның ішінде 44 профилактикалық бақылау және 12 жоспардан тыс тексеру; бұзушылықтарды жою туралы 30 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 4 671 000  теңге болатын 12 әкімшілік айыппұл салынды. 2026 жылғы шілдеден бастап объектілердің қолжетімділігі туралы декларацияларды келісу жөніндегі 100-ден аса өтініш қаралды, олардың 28  келісілді.

 

Дата публикации
14 октября 2026