Оказания государственных услуг в части назначения пенсионных и социальных выплат за 8 месяцев 2026 года

Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 17 түрі көрсетіледі. Департаментте күн сайын республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі электрондық іс макеттері қаралады, сонымен қатар зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жаңадан ұсынылған құжаттар бойынша қайта есептеу жұмыстары жүзеге асырылады.

2026 жылдың 8 айында 53 647 электрондық іс макеттері қаралды (оның ішінде жаңа тағайындау – 29 937, қайта қаралған істер саны – 22 531, бас тарту – 1 179).

Қызметтердің жалпы санынан – 10 378 (яғни жалпы санынан 19,3%) проактивті қызмет арқылы көрсетілді.

 

Төлем түрлері

Жаңадан тағайындал-ғандар саны

Қайта қаралғандар саны

Бас тарту саны

ЖАЛПЫ

Жасына байланысты зейнетақы төлемі

4 529

4 985

94

9 608

Базалық зейнетақы төлемі

4 944

3 382

90

8 416

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, жалпы

1 448

5 391

15

6 854

оның ішінде: мүгедектік бойынша

1 112

3 492

1

4 605

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша

336

1 899

11

2 249

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар

260

947

4

1 211

Туу және күтім бойынша жәрдемақылар

5 994

26

8

6 028

Мүгедек балаларға күтім жасау бойынша жәрдемақылар

408

764

 

1 172

Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау бойынша жәрдемақылар

508

415

 

923

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылар

149

173

 

322

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар

855

2 749

73

3 677

Жерлеуге арналған жәрдемақы

2 882

 

3

2 885

Регресстік төлемдер

 

1

1

2

Бюджеттік субсидиялар

3 567

2 525

4

6 096

Мемлекеттік кепілдік

4 227

 

884

5 111

Семей полигоны бойынша өтемақы

1

 

 

1

Саяси қуғын құрбандарына өтемақы

2

 

 

2

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы

67

 

 

67

БАРЛЫҒЫ:

29 937

22 531

1 179

53 647

 

Бас тартудың негізгі себептері: МЗЖ сақталуына мемлекеттік кепілдікті төлеуге, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға құқықтың болмауы.

Әлеуметтік блоктың мамандары тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде мұрағаттық органдарға сұрау салу жолымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізеді.

Дата публикации
08 сентября 2026