Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша АӘҚ субъектілерін лицензиялауға қатысты қызметінің көрсеткіштері

Арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі - АӘҚ)  көрсету сапасын арттыру үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді.

2026 жылғы 1 тамызындағы республикада АӘҚ көрсететін 33 ұйым. Оның ішінде 33 ұйым лицензия алды (барлығы 4697 көрсетілетін қызметті алушы), оның ішінде 28 КММ және 5 ҮЕҰ.

         Оның ішінде АӘҚ көрсету бойынша:

- жартылай стационар жағдайында АӘҚ көрсететін-6 ұйым (165 адам);

- стационар жағдайында АӘҚ көрсететін-10 ұйым (1259 адам);

- уақытша болу жағдайында АӘҚ көрсететін-3 ұйым - (55 адам);

- үй жағдайында АӘҚ көрсететін-13 ұйым (2866 адам).

Дата публикации
28 августа 2026