Меню

Страницы

Статья

Медициналық-әлеуметтік сараптама

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылады:

- әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау;

- өтемақы жоғалған ағза функцияларының, әлеуметтік оңалтуды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жолымен және әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында, мүгедек адамдар  жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады.

Оңалтудың техникалық көмекші құралдардың тізбесі заманауи сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса (есту қабілеті бұзылған адамдарға веб-камерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, көру қабілеті бұзылған адамдарға дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар және т.б.) 55 түрі бар атаудан тұрады.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің бизнес-процесінің, сондай-ақ мүгедектікті белгілеуге байланысты қызметтердің өзгеруі жүргізілуде. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының іс-шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажеттілігін қоспағанда, ақпараттандырылған келісімімен белсенді форматта өтінішсіз 8 мемлекеттік қызмет көрсетілуі мүмкін.

Дата публикации
26 августа 2026
Дата обновления
26 августа 2026
Тип

Сейчас читают

12 октября 2026
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы
29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы