Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау

Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті уәкілетті орган ретінде 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің» талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл функция Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін 2015 жылдан бастап Департаментке жүктелген.

Жалпы мәліметтер.

Мемлекеттік бақылау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуы;

  2. мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз ортаны құру;

  3. жергілікті атқарушы органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында.

Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылау тиісті жартыжылдыққа арналған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген профилактикалық бақылау тізімінде көрсетілген объектілерге ғана жүргізіледі. Әрбір жартыжылдық сайын Департамент алдыңғы тексерулер барысында алынған, ақпараттық жүйелерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан және басқа да көздерден алынған қолда бар деректер негізінде профилактикалық бақылау тізімін қалыптастырады, ол Министрдің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

Жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша Департамент бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нақты мерзімдері көрсетілген нұсқама береді, бұл ретте әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Жоспардан тыс тексерулерді Департамент жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылуы, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша келіп түскен өтініштері негізінде жүргізеді.

Жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда, құқық бұзушылық субъектісіне анықталған бұзушылықтар және оларды жою мерзімдері көрсетілген тиісті нұсқама беріледі. Сондай-ақ тұлға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік бақылау бекітілген тексеру парақтарына сәйкес жүргізіледі және тек тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге жатады.

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді, кедергісіз орта мәселесі бойынша.

2015 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады және мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамда тең құқықтарды пайдалана алуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі бірқатар шараларды қабылдау міндеттемелерін өзіне алды.

Осындай шаралардың бірі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз ортаны құру және әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктеріне бейімдеу, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары қолжетімді орта құру және объектілерді мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Департаменттің кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша бақылауы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің бейімделуіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және тексерулер өткізу арқылы жүзеге асырылады. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент тиісті нұсқамалар енгізеді.

«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің» 154-бабы 1-тармағының 1), 4) және 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарының толық көлеміне ие, оның ішінде:

  • әлеуметтік қорғауға, оның ішінде абилитацияға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;

  • инфрақұрылым объектілеріне, ақпараттандыруға, көлікке, ақпаратқа, мәдени-көпшілік ойын-сауық іс-шараларына, спорттық жарыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге құқықтары бар.

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабында лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік құрылымдардың басшыларына) 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша.

Әрбір мүгедектігі бар адамға оңалту әлеуетіне және организмнің жоғалған функцияларын қалпына келтіруге байланысты мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленеді. Жергілікті атқарушы органдар техникалық қосалқы (өтемдік) құралдармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында мүгедектігі бар адамдар жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады.

ОЖБ-ның уақтылы орындалуын Департамент мүгедектігі бар адамдардың Орталықтандырылған деректер базасы мен «Е-Собес» бағдарламасына күнделікті мониторинг жүргізу арқылы, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде профилактикалық бақылау жүргізу барысында тұрақты негізде бақылайды.

Ұсынылған құралдармен және оңалту қызметтерімен уақтылы қамтамасыз етпеу анықталған жағдайда, Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жол берген тұлғаларды әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Мүгедектігі бар адамдарды мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу лауазымды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді (АӘҚ) көрсету мәселесі бойынша осы саладағы мемлекеттік бақылау облыстың АӘҚ көрсету орталықтары мен бөлімдерінде профилактикалық бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жол берген тұлғаларды әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 84-бабында лауазымды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Документы
Заң
03 сентября 2026
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
№1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі
№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Кодекс
02 сентября 2026
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
№1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі
№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ
Кодекс
02 сентября 2026
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
№1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі
№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
0
Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг
0
Комитеттің аумақтық бөлімшелері тарапынан объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін растау функциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес
События
25 августа
Комитеттің аумақтық бөлімшелері тарапынан объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін растау функциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
Әдеп жөніндегі уәкіл
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы