Меню

Страницы

Статья

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар елдің азаматтары сияқты жаңа зейнетақы тағайындау рәсімінен өтеді, яғни тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне өтініш, жеке басын куәландыратын құжат және қажетті құжаттар ұсынылады. Бұл ретте, шетелдіктер үшін - шетелдіктің ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам үшін - азаматтығы жоқ адамның куәлігі жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

Тиісінше, ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек өтілін (мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін) және жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысты есепке алу бойынша ҚР азаматтарына қойылатын талаптар қолданылады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдарға зейнетақы тағайындау тәртібі де көзделген. Атап айтқанда, осы адамдардың бұрын Қазақстан Республикасында тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіруді не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа тағайындау рәсімінен өтуді таңдауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар зейнетақы тағайындауға өтінішінен басқа белгіленген нысан бойынша зейнетақы ісіне сұрау салуға өтініш береді. Зейнетақы ісіне тікелей сұрау салуды Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жүзеге асырады.

Алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының өтініші негізінде зейнетақы ісін оның қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жібереді.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетушілерге зейнетақыларды төлеу ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылған айға қоса жүргізіледі.

Дата публикации
15 июня 2022
Дата обновления
15 июня 2022
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы