Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің бір санатына мыналар жатады:
1) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
2) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
3) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
Жәрдемақы мөлшері 4,8 айлық есептік көрсеткішті немесе 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 15264 теңгені құрайды.
Көрсетілген ардагерлер санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
2) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
3) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдары – Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама.
Жәрдемақы Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі ұрыс қимылдарына: 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанды қоса алғанда, Ирактағы ұрыс қимылдары: 2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанды қоса алғанда және Таулы Карабахтағы ұрыс қимылдары: 1986-1990 жылдар қатысуды растау кезінде тағайындалады.