Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасы.

Мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасы.

 

      Мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасы

Жамбыл облысында 08.11.2021жылдан бастап енгізілді.

      Бұл проактивті сырттай Мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасының іске асуына түрткі болған, ол  біріншіден Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан «Біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау кезінде адамдардың қандай проблемаларға тап болатынын көріп отырмыз. Бұл процестерді толығымен цифрландыру қажет. "Жүгіру" адамдар емес, "деректер" болуы керек. Ведомствоаралық өзара іс-қимылда және азаматтармен қарым-қатынас кезінде қағазды пайдаланудан бас тартуға ұмтылу қажет. Жыл соңына дейін неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды (47 анықтаманың 30-ы) алып тастауды, ақпаратты цифрлық растауды қамтамасыз етуді тапсырамын» деген сөздері;

      екіншіден - Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі - "азаматтар өздеріне қажетті барлық қызметтерді бір медициналық мекемеден алуы тиіс. Осы жобаны пилоттық режимде осы жылдың 1 шілдесінен бастап іске асыруды тапсырамын" және ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Е. Қошановтың бұйрығымен бекітілген ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11-тармағындағы: көрсетілетін қызметті алушының барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы тек медициналық мекемеге жүгіну жолымен мүгедектікті белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматын енгізу

     үшіншіден – «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау проактивті Мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» ҚР Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Денсаулық сақтау министрі, ҚР Білім және ғылым министрі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерінің бірлескен бұйрығы.

    Бүгінгі таңда пилоттық режимде сырттай куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі:

  1. Қатерлі ісіктер
  2. Туберкулез
  3. Ересектердегі қан айналымы жүйесінің аурулары-цереброваскулярлық аурулардың салдары - инсульттар
  4. Терминалдық созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар ересектер
  5. Психикалық аурулар (ақыл-есі төмен аурулардың орташа және ауыр дәрежелері)
  6. Балалардың 1 типті қант диабеті
  7. Дауна ауруы
  8. Мүшелерді транспланттаудан кейінгі жағдайда
  9. Қан аурулары
  10. Анофтальмдер
  11. Лепра
  12. Туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар (аяқ-қолдың болмауы немесе ампутация болған жағдайда).

     Жоғарыда атап өтілген нозологиялық нысандардың тізбесіндегі аурулармен сырқаттанатын аурулар  медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына өзі тіркелген емханадан куәландыруға жіберіледі, барлық құжаттары  электронды түрде енгізіледі, анда-мында жүгірулер тоқтатылады.

     Сондықтан, Мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасының енгізілуі аясында мемлекеттік қызмет алушылар МӘС бөлімінің қызметкерлерімен тікелей қарым-қатынаста болмайды, көптеген құжаттарды, қағаздарды рәсімдеуден құтылады, құжаттарды жинау кезінде пайда болатын жемқорлықтың тәуекелдері азайады. Сондықтан, бұл енгізілген жоба аурулар мен мүгедектер үшін жасалған ауқымды шара деп санаймын.

 

 

№2 МӘС бөлімінің басшысы            Е. Саметов

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
25 мая 2022
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы