Департаментпен 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау және қадағалау жоспарын іске асыру мақсатында "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, "Меркі ауданының полиция бөлімі" ММ, " Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің №44 жалпы орта білім беретін мектебі " КММ, " Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы" КММ-де, профилактикалық бақылау жүргізілді.
Тексеру барысында мүгедек адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар анықталды.
Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған ғимараттарды бейімдеу мынадай пункттерден құралады: кіру топтарына, қызмет көрсету аймақтарына, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға, объектідегі ақпарат және телекоммуникация құралдарына, объект аумағына, қозғалыс жолында қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, негізгі бұзушылықтар: қолда бар пандустың бойлық бұрышының сәйкес келмеуі, сыртқы және ішкі сатыларда талап етілетін тұтқалардың болмауы, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың сәйкес келмеуі, ақпараттық белгілер мен көрсеткіштердің болмауы болып табылады.
Нәтижесінде, ғимараттардың барлық субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюдың белгіленген мерзімдері көрсетілген ұйғарымдар енгізілді.
Көрсетілген мерзімде бұрын берілген нұсқамалар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады.