2022 жылға бекітілген іс-сапар кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 13-15 сәуір күндері №2 МӘС бөлімі Қордай ауданына іс-сапарда болып, 46 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы №893 бұйрығына сәйкес алғашқы куәландырылған 9 тұлғаға композиттік қызмет көрсетіліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініштер қабылданды. 37 мүгедек қайта куәландырылып, емдік-оңалту шараларының оң нәтижесінде 3 мүгедек жартылай оңалтылды, 1 мүгедек толықтай оңалтылды. Бұған қосымша, ДКК мүшелерімен және аудан дәрігерлерімен сырттай куәландырудың пилоттық жобасы туралы түсініктеме жұмыстар жүргізілді.