2022ж 14 сәуірінде №6 МӘС бөлімінің комиссия мүшелері №8 «Мейірім» Қалалық емханасында семинар жүргізді. Медициналық ұйымның дәрігерлерімен «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 397 бұйрығына сәйкес, Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу жөнінде, сонымен қатар «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 28 ақпандағы № 77 бұйрығымен таныстыру жұмыстары жүргізілді және талқыланды.
Сонымен қатар мүгедектерді сырттай куәләндіруге жіберу кезінде жіберілетін қателіктерді талқылай отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және мүгедектерді МӘС-ға уақытылы жіберу жөнінде ескертулер айтылды.