Меню

Страницы

Статья

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы

 

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.

Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.

Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерде белгіленеді. Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді.

Балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгінеді.

Балаға (балаларға) мүгедектік белгілеген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметі "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш ұсыну "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау кезінде талап етілмейді.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға тікелей немесе Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы жүгінген күннен бастап баланың барлық мүгедектік кезеңіне тағайындалады.

Мүгедек бала толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынған кезде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала отбасында демалыста болған кезеңге бала толық мемлекеттік қамсыздандыруда болған мемлекеттік мекеменің аталған фактіні құжаттамалық растаған жағдайда тағайындалады.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың отбасы табысына қарамастан тағайындалады.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау үшін өтінішке қоса төмендегідей құжаттар ұсынылады:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін.Қандас мәртебесі бар адамдар мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігін ұсынады;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме);
өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік;
балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған жағдайда - балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;

3) баланың мүгедектігі туралы анықтама.

Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы.

порталға:

жәрдемақы тағайындау үшін – нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш.

Проактивті қызмет арқылы:

жәрдемақы тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну.

 Өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерінің тіркеу туралы анықтаманың, баланың мүгедектігі туралы анықтаманың, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәліктің, балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжаттың мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес тиісті ақпараттық жүйелерден алынады.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы мәліметтерді қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылық) қию, бұзу туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес көрсетілген құжаттарда расталған кезде талап етілмейді.

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы