Үйде қызмет көрсету ұйымдары қызметінің тәртібі
1. Үйде қызмет көрсету ұйымдары:
1) үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметі/бөлімшесі;
2) отбасын қолдау қызметі;
3) үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған өзге де ұйымдар түрінде құрылады.
2. Үйде қызмет көрсету жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер мынадай адамдарға тәуліктің күндізгі уақытында ұсынылады:
1) мыналардың:
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының (мектеп-интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық туғызатын (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы, есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен, тырысқақтық ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы;
ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;
этиологиясы әр түрлі деменция салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар.
2) өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде шектелуіне әкелген ТҚА айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедек балалар.
Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға үйде қызмет көрсетуге:
өзіне және (немесе) айналасындағыларға қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына және (немесе) жіті психотикалық симптоматикаға (сандырақ, галлюцинация) ұштасатын психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары;
белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады;
3) мыналардың:
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін);
ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;
тұрақты кемістігі немесе деменциясы болған кездегі психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары;
этиологиясы әр түрлі деменция;
деменция болған кездегі (оның ішінде симптоматикалық) эпилепсия салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдар.
Он сегіз жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуге:
белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың;
өзіне және (немесе) айналасындағыларға қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына және (немесе) жіті психотикалық симптоматикаға (сандырақ, галлюцинация) ұштасатын психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары;
жиі ұстамалы (айына бес рет және одан да көп), жиі генерализациялық ұстамаға, эпилептикалық статусқа бейім эпилепсияның және этиологиясы басқа тырыспалы синдромның болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады;
4) Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер;
5) "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты), сондай-ақ отбасы ішінде жанжал болған жағдайда оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарт адамдар.
Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге:
белсенді процесс сатысындағы туберкулездің;
өзіне және (немесе) айналасындағыларға қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына және (немесе) жіті психотикалық симптоматикаға (сандырақ, галлюцинация) ұштасатын психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары;
этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдар (деменциясыз және жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) түрлерін қоспағанда);
карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.