2022 жылғы 14 наурызда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Құқықтық білім беру шеңберінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алын алуға бағытталған жалпы құқықтық оқыту (түсіндіру) жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.И. Ажибаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңнамасын жан-жақты түсіндірді, сонымен қатар Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А.Ұ. Оразбеков «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» бойынша және «Сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз тағылған айыпты теріске шығаруға қатысты» түсіндіру жүргізді, сонымен қатар Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.