2022 жылға бекітілген іс-сапар кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 18 ақпанында №1 МӘС бөлімінің Жамбыл ауданына іс-сапарында 19 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы №893 бұйрығына сәйкес алғашқы куәландырылған 3 тұлғаға композиттік қызмет көрсетіліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініштер қабылданды.7 мүгедек қайта куәландырылып, емдік-оңалту шараларының оң нәтижесінде 1 мүгедек толық оңалтылды. 9 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік бөліміне түзетулер енгізілді.