2022 жылға бекітілген іс-сапар кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 25 ақпанында №2 МӘС бөлімінің Қордай ауданына іс-сапарында 38 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы №893 бұйрығына сәйкес алғашқы куәландырылған 8 тұлғаға композиттік қызмет көрсетіліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініштер қабылданды. 30 мүгедек қайта куәландырылып, емдік-оңалту шараларының оң нәтижесінде 2 мүгедек жартылай оңалтылды, 1 мүгедек толық оңалтылды.