Ағымдағы жылдың 17-18 ақпанында №4 МӘС бөлімі,бөлімнің 2022 жылға бекітілген іс-сапар кестесіне сәйкес Сарысу ауданына болып , 21 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы №893 бұйрығына сәйкес алғашқы куәландырылған 3 тұлғаға композиттік қызмет көрсетіліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініштер қабылданды.18 мүгедек қайта куәландырылып, емдік-оңалту шараларының оң нәтижесінде 3 мүгедек толық оңалтылды.