№ 4 МӘС бөлім мушелері 25.02.2022 жылы Байзақ ауданында іс-сапарға шықты. Іс-сапарда комиссия мүшелері Байзақ аудандық емханасынада семинар өткізді.Семинарға 12 дәрігер қатысты.Семинарда «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 397 бұйрығымен таныстырды. Сонымен қатар «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік топ және мерзімдерін белгілеуге» арналған медициналық айғақтарды талқылады. Осы заңға сәйкес дәрігерлерге түсініктеме жұмысын жүргізіп ,ұзақ мерзімге тағайындалған бала-мүгедектерді 7 жасқа толғаннан кейін, мерзімінен бұрын МӘС- ке куаландыруға жіберуге нұсқауберілді. Денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты шалғайдағы 3 тұлға үйден куәландырылды.