Меню

Страницы

Статья

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы

Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы көпбалалы отбасы болып табылады

Отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы

Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау кез келген уақытта қандай да бір мерзіммен шектелмей жүзеге асырылады. Жәрдемақыларды тағайындау өтініш берген күннен бастап барлық растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі. Көп балалы отбасына жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады.

Үшінші тұлғалардың жәрдемақы тағайындау туралы өтініш пен құжаттарды беруі жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.

 Өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманың мәліметтері, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік, балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады. Көрсетілген құжаттарда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен расталған кезде өтініш берушінің ұсынуы талап етілмейді.

Өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау туралы өтініште көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекен-жайын растайды.

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны тағайындау барысында кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бірге тұру фактісіне қарамастан отбасы құрамында ескеріледі.

 Ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ата-ананың біреуімен балалардың бірге тұруы сот шешімімен расталады.

Кәмелетке толмаған балалар саны, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар саны өзгеруіне байланысты жәрдемақы мөлшері қайта есептеледі.

 Көпбалалы отбасы алатын жәрдемақы мөлшері ұлғаюйына немесе азаюына әсер ететін отбасы құрамы өзгерген жағдайда, жәрдемақы мөлшері жәрдемақы мөлшері өзгеруіне құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындау жағдайынан күнінен бастап өзгереді.

Дата публикации
09 февраля 2022
Дата обновления
09 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы