Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 12 айында департаменттің медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің атқарған жұмыстарының қорытындысы (01.01.2021 ж- 31.12.2021ж)

2021 жылдың 12 айында департаменттің

медициналық - әлеуметтік

сараптама бөлімдерінің атқарған жұмыстарының

қорытындысы

(01.01.2021 ж- 31.12.2021ж)

Жамбыл облысы халқының саны -1149136 (2020ж -1142323). Халық саны 6813 адамға көбейген.

Жамбыл облысында, бүгінгі таңда, орталықтандырылған мүгедектердің деректер базасы бойынша барлығы 45671 мүгедек тіркелген, оның ішінде ересек мүгедектер саны- 38939 (1 топ-4136 адам, 2 топ-17507, 3 топ-17296) және 0-18 жас аралығындағы мүгедек-балалар саны- 6732 (5582-і- 16 жасқа дейінгілер, 1 топтағы мүгедек бала-134, 2 топтағы-214, 3 топ-802). Қала бойынша мүгедектер саны-15788 адам, ауыл тұрғындары-29883. Жынысы бойынша- ер адамдар арасындағы мүгедектер саны-26860, әйелдер-18811 адамды құрайды.

МӘС бөлімдері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 28.04.2015 жылғы №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 2021 жылдың 12 айында барлығы 16329 мемлекеттік қызмет көрсетті.

2021 жылдың 12 айында мүгедектіктің негізгі көрсеткіштері: аталған уақытта барлығы 2747 адам алғашқы рет мүгедектікке шықты (12 ай 2020ж. – 2761 адам), оның ішінде ересек адамдар 1941 (2020 ж.-2038 адам), мүгедек-бала санатына жатқызылғандар – 806 бала ( 2020 ж.-723 баланы құраған).

Есепті кезеңде 10.000 халыққа шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші – 23,9 оқиға (2020ж- 24,1 оқиға болған).Республикалық көрсеткіш -26,6.

Алғашқы рет мүгедек болып танылған 1941 (2020ж-2038), ересек адамдар ішінде жұмысқа жарамды жастағылары-1670 адам-86,0% ( 2020ж -1740-85,3%), ал 271 адам зейнеткер жасындағы-13,9% ( 2020ж-298-14,6%) құрайды.

Алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрамы жылдар бойына өзгеріссіз, оның ішінде :

1-ші орында – жүрек-қан тамырлары сырқаттары –566 адам – 29,1% (2020 ж – 657 адам – 32,2%);

2-ші орында - қатерлі ісіктер алып отыр - оның деңгейі – 427 адамды құрады -21,9 % (2020 ж. -411 адам -20,2% құраған болатын).

3-ші орында – түрлі жарақаттар- 230 адам -11,8%, (2020 ж. - 225 адам – 11,0%) .

Балалар арасында алғашқы мүгедекке шығу алдыңғы жылмен салыстырғанда 83 балаға көбейіп отыр.

2020 жыл 12 ай – 723 бала 2021 жыл 12 ай – 806 бала

Мүгедек-балалар арасында мына аурулар алдыңғы орындарды алады:

1 орында – туа біткен аурулар -271 бала – 33,6 % (2020 ж -218 бала – 30,1%)

2 орында - – нерв жүйесі аурулары - 187 бала – 23,2% ( 2020 ж - 175 бала – 24,2);

3 орында- психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы- 114 бала – 14,1% ( 2020 ж - 92 бала – 12,7);

2020 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда, 2021 жылдың 12 айында облысымызда балалар арасында туа біткен аурулар бойынша алғашқы мүгедектікке шығу 53 балаға, нерв жүйесі аурулары 12 балаға, психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы- 22 балаға көбейіп отыр.

2021 жылдың 12 айында 12557 адам денсаулық сақтау мекемелерімен қайта куәландіруге жіберілгендер (2020 ж 12 ай - 12464 адам), оның ішінде 11924 адамы қайта мүгедектер қатарына жатқызылды (2020 ж 12 ай. - 11956 адам).

Ал, мүгедек-бала санатындағылардан қайта куәландіруге келгендері – 3118 бала (2020 ж 12 ай. – 2845 бала). Оның ішінде 2931 балап қайта мүгедектер қатарына жатқызылды (2020 ж 12 ай. - 2690 бала).

2021 жылдың 12 айында жалпы толық оңалтылғандар саны – 634 адамды құрады –5,0 % (республикалық көрсеткіш-5,5%), оның 447 адамы ересектер (4,7%), балалар – 187 (6,0%)

2020 жылдың осы уақытында барлығы 508 (4,1%) адам толық оңалтылды, есектер арасында толық оңалту көрсеткіші – 353 адам болған болатын (3,7%). Балалар арасында бұл көрсеткіш – 155 бала (5,4 %).

Жартылай оңалту көрсеткіші 2021 жылдың 12 айында – барлығы 637 (13,3%) мүгедектің топтары жеңіл топтарға ауыстырылды, 2020 жылдың 12 айында бұл сан 529 адамды құраған болатын (10,6%). Республикалық көрсеткіш-12,9%.

Мүгедектік топтың ауырлау көрсеткіші 2021 жылдың 12 айында 391 адам-4,0% (2020 ж 12 айында-418 адам-4,4%). Республикалық көрсеткіш-5,3%.

Мүгедектік топтың ауырлауына жүрек-қан тамырлары сырқаттарының асқынулары, инсульт,инфарктар және қатерлі ісік ауруларының үдеуі.

2021 жылдың 12 айында барлығы мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке оңалту бағдарламасының медициналық бөлігі-14217 адамға берілді- 99,5 %, әлеуметтік бөлігі- 5383 адамға (37,9%) және 13 ересек адамға кәсіби бөлігі (0,1%) әзірленді.

2020 жылдың 12 айында әзірленген жеке оңалту бағдарламасының 14503 медициналық ұсыныстарының 11320-ы орындалды -78,0% пайызға, 4990 әлеуметтік ұсыныстарының 3559-ы орындалды – 71,3 пайызға, кәсіптік ұсыныстары 28 адамның 8-і орындалды-28,6%.

Дата публикации
27 января 2022
Дата обновления
27 января 2022
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы