ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлескен бұйрығы негізінде, Жамбыл облысында пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жобасы 2021 жылдың қараша айынан бастап аурулардың 15 нозологиясы бойынша іске асырылып келеді.
Сырттай -проактивті куәландыруды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің эксаумақтық (басқа үш облыстың) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері жүргізеді.
Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалған процестер Ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Жалпы, сырттай-проактивті куәландыру:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- үйден шықпай-ақ мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша қызметтер алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.