Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариаты куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін) (сәйкестендіру үшін);
2) қайтыс болу туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат (салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады).
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, қайтыс болу туралы куәлікті немесе қайтыс болу фактісін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға:жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш; жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі, көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.