2023 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде ҚР Әлеуметтік кодекс өз күшіне енді.
Әлеуметтік кодексті жалпы ТМД мемлекеттері тәжірибесіне енгізілген алғашқы біртұтас әлеуметтік құжат деп айтуға болады. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Бүгінгі күні Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қолданыста 17 заңнама бар. Осы заңнаманың барлық нормалары біріктіріп, Әлеуметтік кодекспен қамтылмақ. Кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Ол туғаннан кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, сондай-ақ жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы енді осы бір құжатпен реттеледі.
Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл мәртебені «Күміс алқа», «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге беріледі. Сондай-ақ наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді.
«Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды – 25530 теңге.
Екіншіден, қылмыстық-атқару жүйесіндегі бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға бірінші топ мүгедектігі бар азаматтың күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау құқығы берілген.
Осы ретте, бірінші топ мүгедектігі бар азамат пен күтімді жүзеге асыратын адам бір қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болу қажет. Жәрдемақы тағайындауға өтініш беруге қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі ықпалдасады.
Осы ретте, бүгінгі таңда күтімді жүзеге асыратын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын атап өтеміз. Дегенмен, Кодекс аясында аталған санаттағы азаматтар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан алынып тасталады. Кодекске сәйкес оларға бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға 1,61 ең төменгі күнкөріс мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындалалы – 65313 теңге.
Үшіншіден, мүгедек адамдардың әл-ауқатын арттыру мақсатында мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін жәрдемақылардың мөлшерлері ұлғайтылды.
Сондай-ақ, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды.