Меню

Страницы

Статья

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету

2023 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсету тәртібі Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі - ЕРДО) мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті еңбек өтілінің ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қажетті зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы деректерді қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың кадр қызметінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне HR ENBEK-те қолжетімділік беруу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі айдан аз уақыт қалған қызметкер қажет болған жағдайда мемлекеттік органның және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадр қызметіне жасына байланысты және базалық зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттарды, HR ENBEK-ке енгізу үшін құжаттарды ұсынады.

Кадр қызметінің қызметкері HR ENBEK-ке жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін ұсынылған құжаттардан қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізеді.

Оқу, әскери қызмет, еңбек қызметі (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, архивтік анықтама, бұйрықтың көшірмесі), жұмыс істемейтін ананың жас балалары үш жасқа толғанға дейін оларды бағып-күткен кезеңін қоса алғанда, қызметкерінің еңбек қызметі туралы мәліметтер HR ENBEK-ке басталған сәтінен бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін енгізіледі.

Еңбек қызметі кезеңдері (білім туралы диплом, әскери билет, балалардың туу туралы куәлігі) және еңбек қызметі туралы құжаттардың сканерленген түпнұсқаларымен расталады.

HR ENBEK-тегі қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер жұмысқа қабылданған, жұмыстан босатылған күні туралы, жұмыс, оқу, қызмет орнының, еңбек қызметін жүзеге асырған елді мекеннің (облыс, қала, аудан) атауы, баласының (балаларының) туған күні туралы толық деректерді қамтиды.

Еңбек қызметі туралы мәліметтерді толтыру барысында HR ENBEK форматты-логикалық бақылауды (еңбек қызметі кезеңдерін көрсетудің хронологиялық тәртібін, қызметкерді қабылдаудың, ауыстырудың, жұмыстан шығарудың нақты күнін (күнін, айын, жылын) міндетті түрде көрсетуді) жүзеге асырады және еңбек қызметі туралы сканерленген құжаттарды бекіту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

HR ENBEK-те мәліметтерді толтырғаннан кейін, кадр қызметінің қызметкері заңды тұлғаның ЭЦҚ мәліметтеріне қол қояды және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын «Е-макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - «Е-Макет» ААЖ) жібереді. «Е-макет» ААЖ арқылы құжаттарды қабылдау (тіркеу), зейнетақыны тағайындау фактісінің бар-жоғын тексеру, тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау жіберу және т. б. процесс жүзеге асырылады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қосымша құжаттарды қоса беру қажет болған жағдайда, төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды қайтаруға құқылы.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, проактивті көрсетілетін қызметті алушыға sms-хабарлама арқылы төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі және HR ENBEK-ке өтінімнің мәртебесі қайтарылады.

Егер еңбек өтілі туралы деректер дұрыс енгізілмесе, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу төлемнің бастапқы тағайындалған күнінен бастап жүргізіледі. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ұсынады.

Проактивті форматта мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылығы кезектің болмауы және үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта мемлекеттік қызметті ресімдеу мүмкіндігі болып табылады.

Дата публикации
10 июля 2023
Дата обновления
10 июля 2023
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы