Меню

Страницы

Статья

Халыққа адал қызмет ету - басты міндет

Мемлекеттік қызметші – халық пен билік, қоғам арасын жалғап тұратын жауапты тұлға. Сондықтан жалпы қоғам үшін, халық үшін сапалы қызмет көрсету – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.

Мемлекеттік қызметші елдің айнасы секілді. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халыққа адал қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті деп есептеймін. Әрбір мемлекеттік қызметші бұл қағидатты берік ұстануы қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоюы тиіс, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Нақты айтар болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты міндет. Себебі ол –  қашан да биліктің айқын бейнесін көрсетуші тұлға. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді,

Халық үшін сапалы қызмет көрсетуді алдыңғы орынға қоятын және адал қызмет көрсетуді басты міндет санайтын мемлекеттік қызметшілеріміз баршылық. Атап айтатын болсақ, қызметтік міндеттерін адал және мінсіз орындаған  Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің №2 зейнетақымен қамсыздандыру бөлімінің басшысы Оразымбетқызы Айгул және бас маман Ниязбекова Сәуле Бердешовна.  Сондай-ақ, бөлімге жақында жұмысқа келген мемлекеттік қызметші Балабекова Алия Мадибековнаны айта кетсек болады. Қызметтік міндеттерін атқаруда үздік жетістіктерге де жетіп медаль,  мақтау қағаздарымен  марапатталған. Біз Сіздерді әрқашанда мақтан тұтамыз.

Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да Қазақстанның мемлекеттілігін дамытуға, елдің экономикалық дамуын және халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге бағытталатынына сенемін.

Сіздерге елдің игілігі жолында атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін!

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт және барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!

 

 

 

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің

Жамбыл облысы бойынша департаментінің

Әдеп уәкілі

Назарова Р.Б.

Дата публикации
25 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2023
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы