Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі 2025 жылдың төртінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары

2025 жылғы 1 қаңтарға жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (ынтымақты зейнетақы) алушылардың саны 144137 адамды, базалық зейнетақы – 136643 адамды құрайды.

2025 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша 18369 жаңа тағайындалған іс бекітілді, оның ішінде:

- жасына байланысты зейнетақы – 2455 іс;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 2573 іс;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 874 іс;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 175 іс;

- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 5461 іс;

- мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған  ата-аналарға (қамқоршыларға) жәрдемақы – 206 іс;

-  бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 261 іс;

- көп балалы аналар – 313 іс;

- көп балалы отбасылар – 9667 іс;

- Семей ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы  ақшалай өтемақы – 4 іс;

- жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына/зардап шеккендеріне өтемақы – 52 іс;

- жерлеуге арналған біржолғы төлемақы – 1377 іс;

- зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерін  орындау – 1038 іс;

- регресстік төлемдер – 3 іс;

- бюджетік субсидиялар – 2611 іс.

2025 жылдың төртінші тоқсанда 70 алушыға арнайы әлеуметтік төлем жүзеге асырылды.

2025 жылдың төртінші тоқсанда тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 1902, тоқтатқан – 2751, қалпына келтірген – 1030 құрады.

Есепті кезенінде зейнетақы және жәрдемақы мөлшері бойынша  - 22347 іс қайта қаралып, бекітілді, оның ішінде:

- жасына байланысты зейнетақы – 2910 іс;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 2179 іс;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 5123 іс;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 454 іс;

- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 61 іс;

- мүгедек  - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған қамқоршы ата-аналарға жәрдемақы – 947 іс;

- бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 313 іс;

- көп балалы аналар – 241 іс;

- көп балалы отбасылар – 5627 іс;

- бюджетік субсидиялар – 4492 іс.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2025 жылдың төртінші тоқсанда 1548 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды, оның ішінде 1338 іс -  мемлекеттік кепілдік төлемі.

Есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар болған жоқ.

1061 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған.

2025 жылдың төртінші тоқсанында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін алған адамдардың саны – 4424.

Дата публикации
20 января 2026