Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі 2025 жылдың үшінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары

2025 жылғы 1 қазанға жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (ынтымақты зейнетақы) алушылардың саны 141958 адамды, базалық зейнетақы – 135688 адамды құрайды.

2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша 18946 жаңа тағайындалған іс бекітілді, оның ішінде:

- жасына байланысты зейнетақы – 2235 іс;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 2304 іс;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 782 іс;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 130 іс;

- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 6040 іс;

- мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған  ата-аналарға (қамқоршыларға) жәрдемақы – 207 іс;

-  бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 214 іс;

- көп балалы аналар – 73 іс;

- көп балалы отбасылар – 1037 іс;

- Семей ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы  ақшалай өтемақы – 2 іс;

- жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына/зардап шеккендеріне өтемақы – 68 іс;

- жерлеуге арналған біржолғы төлемақы – 1434 іс;

- зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерін  орындау – 1429 іс;

- регресстік төлемдер – 8 іс;

- бюджетік субсидиялар – 2983 іс.

2025 жылдың үшінші тоқсанда 81 алушыға арнайы әлеуметтік төлем жүзеге асырылды.

2025 жылдың үшінші тоқсанда тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 2286, тоқтатқан – 130, қалпына келтірген – 4297 құрады.

Есепті кезенінде зейнетақы және жәрдемақы мөлшері бойынша  - 26724 іс қайта қаралып, бекітілді, оның ішінде:

- жасына байланысты зейнетақы – 2250 іс;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 1696 іс;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 7005 іс;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 313 іс;

- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 44 іс;

- мүгедек  - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған қамқоршы ата-аналарға жәрдемақы – 578 іс;

- бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 270 іс;

- көп балалы аналар – 242 іс;

- көп балалы отбасылар – 12150 іс;

- регресстік төлемдер – 1 іс;

- бюджетік субсидиялар – 2175 іс.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2025 жылдың үшінші тоқсанда 1042 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды, оның ішінде 843 іс -  мемлекеттік кепілдік төлемі.

Есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар болған жоқ.

686 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған.

Дата публикации
10 октября 2025