2025 жылғы 1 шілдеге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (ынтымақты зейнетақы) алушылардың саны 141992 адамды, базалық зейнетақы – 134954 адамды құрайды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша екінші тоқсанында 20320 жаңа тағайындалған іс бекітілді, оның ішінде:
- жасына байланысты зейнетақы – 2297 іс;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 2391 іс;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 781 іс;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 175 іс;
- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 5768 іс;
- мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға) жәрдемақы – 176 іс;
- бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 250 іс;
- көп балалы аналар – 459 іс;
- көп балалы отбасылар – 911 іс;
- жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына/зардап шеккендеріне өтемақы – 113 іс;
- жерлеуге арналған біржолғы төлемақы – 1297 іс;
- зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерін орындау – 2031 іс;
- регресстік төлемдер – 2 іс;
- бюджетік субсидиялар – 3669 іс.
2025 жылдың басынан бастап 179 алушыға арнайы әлеуметтік төлем жүзеге асырылды.
2025 жылдың екінші тоқсанда тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 2115, тоқтатқан – 4321, қалпына келтірген – 131 құрады.
Есепті кезенінде зейнетақы және жәрдемақы мөлшері бойынша - 17135 іс қайта қаралып, бекітілді, оның ішінде:
- жасына байланысты зейнетақы – 2307 іс;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 1726 іс;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 4392 іс;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 343 іс;
- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 69 іс;
- мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған қамқоршы ата-аналарға жәрдемақы – 684 іс;
- бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 254 іс;
- көп балалы аналар – 267 іс;
- көп балалы отбасылар – 5032 іс;
- регресстік төлемдер – 4 іс;
- бюджетік субсидиялар – 2057 іс.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2025 жылдың екінші тоқсананың қорытындысы бойынша 770 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды, оның ішінде 531 іс - мемлекеттік кепілдік төлемі.
Есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар болған жоқ.
477 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған.
2025 жылдың екінші тоқсанында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін алған адамдардың саны – 3796.