2024 жылдың 4 тоқсандағы
мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша
жұмыс нәтижелері
2025 жылғы 1 қаңтарына жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (ынтымақты зейнетақы) алушылардың саны 139176 адамды, базалық зейнетақы – 132682 адамды құрайды.
2024 жылдың төртінші тоқсаны бойынша 20727 жаңа тағайындалған іс бекітілді, оның ішінде:
- жасына байланысты зейнетақы – 2434 іс;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 2592 іс;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 864 іс;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 248 іс;
- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 6162 іс;
- мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға) жәрдемақы – 218 іс;
- бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 241 дел;
- көп балалы аналар – 350 іс;
- көп балалы отбасылар – 1169 іс;
- саяси қуғын-сүргін құрбандарына/зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы – 318 дел;
- Семей ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы – 5 іс;
- жерлеуге арналған біржолғы төлемақы – 1334 іс;
- зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерін орындау – 1118 іс;
- регресстік төлемдер – 5 іс;
- бюджетік субсидиялар - 3669 іс.
2024 жылдың төртінші тоқсанда 38 алушыға арнайы әлеуметтік төлем жүзеге асырылды.
2024 жылдың төртінші тоқсанда тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 3181, тоқтатқан – 4127, қалпына келтірген – 180 құрады.
Есепті кезенінде зейнетақы және жәрдемақы мөлшері бойынша - 22879 іс қайта қаралып, бекітілді, оның ішінде:
- жасына байланысты зейнетақы – 2704 іс;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 1947 іс;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 5344 іс;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 345 іс;
- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 158 іс;
- мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған қамқоршы ата-аналарға жәрдемақы – 967 іс;
- бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 227 іс;
- көп балалы аналар – 245 іс;
- көп балалы отбасылар – 5900 іс;
- бюджетік субсидиялар – 5042 іс.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2024 жылдың төртінші тоқсанында 1592 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды, оның ішінде 1374 іс - мемлекеттік кепілдік төлемі.
2024 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар болған жоқ.
655 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған.
2024 жылдың төртінші тоқсанында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін алған адамдардың саны – 4609.