2024 жылғы 1 сәуіріне жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (ынтымақты зейнетақы) алушылардың саны 134881 адамды, базалық зейнетақы – 129241 адамды құрайды.
2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша 21706 жаңа тағайындалған іс бекітілді, оның ішінде:
- жасына байланысты зейнетақы – 2653 іс;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 2876 іс;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 807 іс;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 178 іс;
- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 6229 іс;
- мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға) жәрдемақы – 190 іс;
- көп балалы аналар – 206 іс;
- көп балалы отбасылар – 1234 іс;
- бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 211 іс;
- Семей ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы – 2 іс;
- жерлеуге арналған біржолғы төлемақы – 1346 іс;
- зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерін орындау – 2352 іс;
- регресстік төлемдер – 1 іс;
- бюджетік субсидиялар - 3421 іс.
2024 жылдың 1 тоқсанда тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 2383, тоқтатқан – 4104, қалпына келтірген – 194 құрады.
Есепті кезенінде зейнетақы және жәрдемақы мөлшері бойынша - 15196 іс қайта қаралып, бекітілді, оның ішінде:
- жасына байланысты зейнетақы – 2496 іс;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 1757 іс;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 3628 іс;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 340 іс;
- бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 84 іс;
- мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған қамқоршы ата-аналарға жәрдемақы – 665 іс;
- көп балалы аналар – 239 іс;
- көп балалы отбасылар – 3400 іс;
- Семей ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы – 1 іс;
- бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 189 іс;
- регресстік төлемдер – 1 іс;
- бюджетік субсидиялар – 2396 іс.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2024 жылдың 1 тоқсанында 535 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды, оның ішінде 403 іс - мемлекеттік кепілдік төлемі.
2024 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар болған жоқ.
1177 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған.
2024 жылдың 1 тоқсанында еңбек өтілі бойынша барлығы 510 іс тексерілді.
2024 жылдың басынан бастап арнайы әлеуметтік төлем 206 алушыға жүзеге асырылды.
2024 жылдың 1 тоқсанында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін алған адамдардың саны – 3577.