Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2023 жылғы 19 мамырдағы № 102/НҚ мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 18 мамырдағы № 156 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы ___ __________ №_________ және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы ___ __________ №_________ бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының өзара іс-қимыл алгоритмі

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

2023 жылғы 19 мамырдағы

№ 102/НҚ мен

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

2023 жылғы 18 мамырдағы

№ 156

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2023 жылғы ___ __________

№_________

және Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрінің

2023 жылғы ___ __________

№_________

бірлескен бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының өзара іс-қимыл алгоритмі 

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет көрсету арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде аталған субъектілердің өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
  2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар және қысқартылған сөздер пайдаланылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы                 (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

 3) «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі  (бұдан әрі - «Е-Макет» ААЖ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын электрондық тағайындау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

           4) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы                     (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

  5) «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы              (бұдан әрі – ЕРДО) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелері үшін бағдарламалық-аппараттық құралдардың және байланыс арналарының қызмет етуін ұйымдастыруды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін, мемлекеттік органдардың басқа ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды және интегрцияны қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

 6) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» АЖ  (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы азаматтық халін сәйкестендіру және анықтау үшін жеткілікті ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

7) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің hr.enbek.kz Еңбек ресурстары порталы (бұдан әрі – HR ENBEK) –портал еңбек шарттарын есепке алу процесін, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылын автоматтандыруға және кадрлық іс жүргізуді онлайн режимінде жүргізуге арналған;

8)  мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – ұялы байланыс операторлары ұсынған, жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету және ақпараттық хабарларды жолдау, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын көрсетілетін қызметтерді алушылардың абоненттік нөмірлерінің порталдың есептік жазбасына қосылған қоры;

9)  қысқа мәтіндік хабар (бұдан әрі – sms-хабарлама) – ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

10)  Өзара іс-қимыл туралы келісім – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының ақпараттық жүйелерінің өзара                            іс-қимылы туралы келісім;

11)  ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмір (бұдан әрі – абоненттік нөмір) – басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

12) проактивті қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің келісімі қажет;

13)  электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушының электрондық іс макеті;

 14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

15) көрсетілетін қызметті алушы – жеке және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда заңды тұлғалар.

Осы алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының өзара әрекеттесу тәртібі

 

 

  1. ЕРДО мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті еңбек өтілінің ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қажетті зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы деректерді қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың кадр қызметінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне HR ENBEK-те қолжетімділік береді.
  2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі айдан аз уақыт қалған қызметкер қажет болған жағдайда мемлекеттік органның және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадр қызметіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8 және 9-қосымшаларда көрсетілген құжаттарды, HR ENBEK-ке енгізу үшін құжаттарды ұсынады.
  3. Кадр қызметінің қызметкері HR ENBEK-ке жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін Алгоритмнің 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардан қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізеді.
  4. Оқу, әскери қызмет, еңбек қызметі (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, архивтік анықтама, бұйрықтың көшірмесі), жұмыс істемейтін ананың жас балалары үш жасқа толғанға дейін оларды бағып-күткен кезеңін қоса алғанда, қызметкерінің еңбек қызметі туралы мәліметтер HR ENBEK-ке басталған сәтінен бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін енгізіледі.
  5. Еңбек қызметі кезеңдері (білім туралы диплом, әскери билет, балалардың туу туралы куәлігі) және еңбек қызметі туралы құжаттардың сканерленген түпнұсқаларымен расталады.
  6. HR ENBEK-тегі қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер жұмысқа қабылданған, жұмыстан босатылған күні туралы, жұмыс, оқу, қызмет орнының, еңбек қызметін жүзеге асырған елді мекеннің (облыс, қала, аудан) атауы, баласының (балаларының) туған күні туралы толық деректерді қамтиды.
  7. Еңбек қызметі туралы мәліметтерді толтыру барысында HR ENBEK форматты-логикалық бақылауды (еңбек қызметі кезеңдерін көрсетудің хронологиялық тәртібін, қызметкерді қабылдаудың, ауыстырудың, жұмыстан шығарудың нақты күнін (күнін, айын, жылын) міндетті түрде көрсетуді) жүзеге асырады және еңбек қызметі туралы сканерленген құжаттарды бекіту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
  8. HR ENBEK-те мәліметтерді толтырғаннан кейін, алгоритмнің
    5-тармағына сәйкес кадр қызметінің қызметкері заңды тұлғаның ЭЦҚ мәліметтеріне қол қояды және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін
    10 күнтізбелік күн бұрын «Е-Макет»ААЖ-ға жібереді.
  9. Мәліметтер келіп түскеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, «Е-Макет» ААЖ автоматты түрде:

1) көрсетілген тұлға бойынша жасына, еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін, Мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау фактісінің немесе осы төлемдерді (бұдан әрі – зейнетақы/жәрдемақы) тағайындауға өтініш жасау фактісінің болуын тексеруді жүзеге асырады.

Өтініш жасау және/немесе қалыптасқан ЭІМ және/немесе зейнетақы/жәрдемақы тағайындау фактісі болған кезде қызмет көрсету процесі аяқталады және «Е-Макет» ААЖ өтінім мәртебесін HR ENBEK-ке қайтарады.

2) көрсетілген тұлға бойынша зейнетақы/жәрдемақы тағайындау фактісі болмаған кезде 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек өтілінің болуына тексеруді жүзеге асырады.

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін 6 айдан аз еңбек өтілі болған кезде жасына байланысты зейнетақы төлемдері бойынша қызмет көрсету процесі аяқталады және «Е-Макет» ААЖ өтінім мәртебесін HR ENBEK-ке қайтарады;

3) 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 ай және одан да көп еңбек өтілі болған кезде, ЖТ МДҚ-ға келесі деректерді алу үшін сұрау салуды жолдайды:

- Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

- жеке басын куәландыратын құжат (өзектілігін тексеру);

         Тұрақты тұрғылықты жері және/немесе жеке басын куәландыратын өзекті құжат бойынша тіркеу туралы деректер болмаған кезде қызмет көрсету процесі аяқталады және «Е-Макет» ААЖ өтінім мәртебесін HR ENBEK-ке қайтарады;

         4) тұрақты тұрғылықты жері және/немесе жеке басын куәландыратын өзекті құжат бойынша тіркеу туралы деректер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыдан абоненттік нөмір алуға МАБ - та сұрау салу жібереді.

         МАБ - та көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болмаған кезде қызмет көрсету процесі аяқталады және «Е-Макет» ААЖ өтінім мәртебесін HR ENBEK-ке қайтарады;

         5) көрсетілген тұлғада МАБ - та абоненттік нөмір болған кезде жеке тұлғада зейнетақы жинақтарының болуын және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасау фактісін тексеруге БЖЗҚ АЖ-да сұрау салу жібереді.

         БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары болмаған немесе зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасау фактісі болған кезде, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау қызметін көрсету процесі аяқталады және «Е-Макет» ААЖ өтінім мәртебесін HR ENBEK-ке қайтарады;

         6) зейнетақы жинақтары болған және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасау фактісі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне осы алгоритмнің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін проактивті нысанда тағайындауға келісім беру мүмкіндігі туралы sms-хабарлама жіберіледі;

Sms-хабарламаға жауапты күту мерзімі sms-хабарлама жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды.

Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, қызмет көрсету процесі проактивті нысанда аяқталады және «Е-Макет» ААЖ HR ENBEK-ке өтінім мәртебесін қайтарады.

7) көрсетілетін қызметті алушының келісімін алған кезде көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне «Е-Макет» ААЖ мынадай sms-хабарламалардың бірін қалыптастырады және SMS-шлюз арқылы жібереді:

         егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына төлемнің тағайындалған сомасын есепке жатқызуға проактивті қызмет алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес «Е-Макет» ААЖ интеграциясы іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

         егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес банк шотына төлемнің тағайындалған сомасы есептелетін «Е-Макет» ААЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ тізімінен проактивті қызмет алу және ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

         банктік шот болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес «Е-Макет» ААЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде проактивті қызмет алу және банктік шот ашу мүмкіндігі туралы sms-хабарлама жіберіледі.

         Егер көрсетілетін қызметті алушы жіберілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде sms-хабарламаға жауап бермесе, проактивті нысанда қызмет көрсету процесі аяқталады және «Е-Макет» ААЖ өтінім мәртебесін HR ENBEK-ке қайтарады.

         8) ұсынылған тізімнен «Е-Макет» ААЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы sms-хабарлама жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша «Е-Макет» ААЖ sms-хабарлама жіберілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шоттарды өзектендіру және шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін жүзеге асырады.

         Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, «Е-Макет» ААЖ кейіннен сервис мониторингін жүзеге асыра отырып, sms-хабарламаны қосымша екі рет қайта жіберуді жүзеге асырады.

         9) егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде «Е-Макет» ААЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, «Е-Макет» ААЖ төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру үшін табылған ашық банктік шотты автоматты түрде таңдайды. Көрсетілетін қызметті алушыға осы алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына төлемнің тағайындалған сомасын есепке жатқызуға проактивті қызмет алу мүмкіндігі көрсетілген sms-хабарлама жіберіледі;

         Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, қызмет көрсету процесі проактивті нысанда аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияның кез келген халыққа қызмет көрсету бөліміне жеке өтініш жасау қажеттігі туралы sms-хабарлама жіберіледі, сондай-ақ «Е-Макет» өтінім мәртебесін ААЖ HR ENBEK-ке қайтарады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісе отырып және интеграция іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ реттік нөмірін көрсете отырып жауап алған кезде «Е-Макет»ААЖ келісім алған сәттен бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша проактивті қызметтер көрсетуге өтінімді автоматты түрде қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді, хабарлама «Тексерілген» мәртебесіне ауысады.

         Электрондық өтінімдер мен хабарламалар журналында «тексерілген» мәртебесі бар электрондық өтінімге хабарламаның ауысқан күні төлем тағайындауға ЭІМ қалыптастыру кезінде өтініш берілген күн болып есептеледі.

  1. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қағидаларға сәйкес өтінішті тіркейді, электрондық шешім жобасымен (бұдан әрі – ЭШЖ) мен ЭІМ қалыптастырады және өзінің ЭЦҚ-мен куәландырылған ЭШЖ мен ЭІМ-ді Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға жібереді.
  2. Уәкілетті орган ЭМҚ-ны қарайды және Қағидаларға сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы шешім қабылдау үшін ЭМҚ-ға қосымша құжаттарды тіркеу қажет болған жағдайда уәкілетті орган ЭМҚ-ны Қағидалардың 5-тарауының 34-тармағына сәйкес толық ресімдеуге қайтарады.

  1. Уәкілетті орган жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, «Е-Макет» ААЖ көрсетілетін қызметті алушыға sms-хабарлама арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді және HR ENBEK-ке өтінімдер мәртебесін қайтарады.
  2. Еңбек өтілі туралы деректер дұрыс енгізілмеген жағдайда, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу төлемнің бастапқы тағайындалған күнінен бастап жүргізіледі.

         Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ұсынады.

  1. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ АЖ-ға осы алгоритмнің 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бұрын жіберілген сұрау салуға оң жауап алған тұлғаларға қатысты Мемлекеттік корпорация «Е-Макет» ААЖ-да тіркелген электрондық өтініштер бойынша мәліметтерді өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған PENS форматындағы электрондық хабарламалармен бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық өтініштерді «Е-Макет» ААЖ - ға жібереді.
  2. «Е-Макет» ААЖ-да электрондық өтініштер тіркелгеннен кейін БЖЗҚ АЖ өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған тәртіпке сәйкес әрекет етеді.
  3. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін жүзеге асырғаннан кейін БЖЗҚ АЖ проактивті қызметті алушыға зейнетақы төлемдерінің аударылған сомасы туралы sms-хабарлама арқылы хабарлама жібереді.
  4. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйенің тараптары-ақпаратты беретін сервис иелері қамтамасыз етеді.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының өзара іс-қимыл алгоритіміне

1-қосымша

 

нысан

 

Құрметті, {аты-жөні}!

 

Сіз зейнеткерлік жасқа толуыңызға байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығыңыз бар.

Келіскен кезде 1414 нөміріне {қызмет коды}#3#1 мәтінімен SMS жіберіңіз.

Жауап болған жағдайда Сіз жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім бересіз.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының өзара іс-қимыл алгоритіміне

2-қосымша

 

нысан

 

Құрметті, {аты-жөні}!

 

Сіз зейнеткерлік жасқа толуыңызға байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығыңыз бар. Тағайындалған сома Сіздің {банктің атауы} банктік шотыңызға түседі. Келіскен кезде 1414 нөміріне {қызмет коды} #3#1 мәтінімен SMS жіберіңіз.

Басқа банкті таңдау үшін 1414 нөміріне {қызмет коды}#3#0 мәтінімен SMS жіберіңіз.

Жауап 3 жұмыс күні ішінде берілуі керек.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының өзара іс-қимыл алгоритіміне

3-қосымша

 

нысан

 

Құрметті, {аты-жөні}!

 

Сіз зейнеткерлік жасқа толуыңызға байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығыңыз бар. Тағайындалған соманы аудару үшін, төмендегі тізімнен банктік шотты таңдаңыз.

- {банктер тізімі}. 1414 нөміріне {қызмет коды} #3#1 мәтінімен SMS жіберіңіз

Басқа банкті таңдау үшін 1414 нөміріне {қызмет коды}#3#0 мәтінімен SMS жіберіңіз.

Жауап 3 жұмыс күні ішінде берілуі керек.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті қызмет арқылы көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының өзара іс-қимыл алгоритіміне

4-қосымша

 

нысан

 

Құрметті, {аты-жөні}!

 

Сіз зейнеткерлік жасқа толуыңызға байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығыңыз бар. Тағайындалған соманы есептеу үшін төмендегі тізімнен банктердің кез келген бөлімшесінде шот ашу қажет немесе төмендегі сілтемелерді пайдаланыңыз:

{реттік нөмірі бар банктердің тізімі}

Банк Сіздің шотыңыздың ашылғаны туралы бізге автоматты түрде хабарлайды. Біз банктен 3 жұмыс күні ішінде хабарлама күтеміз.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

 

Дата публикации
21 июня 2023