«Риддер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бару арқылы профилактикалық бақылау

«Риддер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бару арқылы профилактикалық бақылау

 Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 2024 жылы 18 наурыздан 29 наурызға дейін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Риддер арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барып профилактикалық бақылау жүргізді.

Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері көрсетілген 1 нұсқама берілді. Сондай-ақ, орталық директоры мен мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсініктемелер берілді. Семинарға қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.